А.БАЙТҰРСЫНҰЛЫ МЫСАЛДАРЫН ОҚЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Authors

  • Кушкимбаева А.С. PhD., қауымдастырылған профессор, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Ақтөбе, Қазақстан
  • Тәңірбергенова Г.К. филология магистрі, аға оқытушы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік, Ақтөбе, Қазақстан

Abstract

XX ғасырдың басында қазақ халқы аса ipi қоғамдық-саяси өзгерістермен қатар ауқымды рухани жаңғыруларды да бастан кешті. Ұлттық мәдениет пен әдебиеттің, білім мен ғылымның туын көтерген, жұртшылықтың санасына демократиялық ойлар сіңіріп, алға жетелеуге ұмтылған зиялы топ қалыптасты. Халықтың зердесіне сәуле түсіріп, санасын оятқан осы топтың рухани көсемі Ахмет Байтұрсынов еді. Қазақ ауыз әдебиетінің зерттелуі А.Байтұрсынов пен Х.Досмұхамедовтан бастау алары сөзсіз. Аталмыш ғалымдардың ауыз әдебиеті жайлы алғашқы пікір-пайымдаулары кейінгі фольклорист-зерттеушілерге capa жол салды. Осы орайда аталған ғалымдардың назарынан тыс қалмаған мысал жанры да ауыз әдебиетінен бастау алғандығына көз жеткізуге болады.Әрине, фольклорды зерттеп, жанрлық жағы сараланған еңбектерде көбінесе мысал жанры қалыс қалып жатады, дегенмен мысал жеке түр ретінде қарастырылмаса да, ол жайында азды-көпті пікірлер бар. «Мысал - айтылатын өнегелі ойды тұспалдап жеткізетін, көбіне өлең түрінде келетін сюжетті, шағын көлемді көркем шығарма» [1, 36] деген анықтамаға ие мысалдың түп төркіні хайуанаттар туралы тұспалды мағынасы бар ертегі, қысқа әңгімелер нұсқаларымен жалғасып жатыр. Бұның қаншалықты дәлелді екенін қазақ ғалымдарының осы жанрға байланысты ой-пікірлерімен нақтылай түсейік.

Published

2026-06-15

How to Cite

Кушкимбаева А.С., & Тәңірбергенова Г.К. (2026). А.БАЙТҰРСЫНҰЛЫ МЫСАЛДАРЫН ОҚЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ. Progress in Science, (13). Retrieved from https://ojs.publisher.agency/index.php/PS/article/view/8933

Issue

Section

Philological Sciences