СЫРДАРИЯ ӨЗЕНІ ӨСІМДІКТЕРІНІҢ ТАРАЛУ ЕРЕКШІЛІГІ

Authors

  • Есимбеков Асқар Андашович Қазақстан, Түркістан облысы. «Сырдария-Түркістан МӨТП» КММ

Keywords:

Сырдария өзені, өсімдік жамылғысы, флора, жайылма, атырау, тораңғы, қамыс, жыңғыл, Сырдария–Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі, биоалуантүрлілік, өсімдіктердің таралуы

Abstract

Бұл мақалада Түркістан облысы аумағында орналасқан Сырдария–Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің Сырдария өзені жайылмасындағы өсімдік жамылғысының таралу ерекшеліктері қарастырылды. Зерттеу барысында парктың ресми материалдары, флористикалық зерттеулер, ғылыми жарияланымдар және Сырдария өзені аңғарының өсімдік жамылғысына қатысты әдеби деректер талданды.
Өсімдіктердің таралуына өзен суының режимі, топырақтың ылғалдылығы мен тұздылығы, жер бедері, грунт суларының орналасуы және антропогендік әсер негізгі факторлар ретінде ықпал етеді. Өзенге жақын ылғалды учаскелерде қамыс, тал, тораңғы, жиде және түрлі шалғындық өсімдіктер басым болса, өзеннен алыстаған сайын жыңғыл, шеңгел, жусан, сораң және басқа да құрғақшылық пен тұздануға төзімді өсімдіктердің үлесі артады. Ерекше назар тораңғы ормандарына аударылады, себебі олар Сырдария аңғарының табиғи экожүйелерін тұрақтандыруда және биоалуантүрлілікті сақтауда маңызды рөл атқарады. Зерттеу нәтижелері Сырдария жайылмасындағы өсімдіктердің кеңістіктік таралуы гидрологиялық жағдайлармен тығыз байланысты екенін көрсетті

Published

2026-09-27

How to Cite

Есимбеков Асқар Андашович. (2026). СЫРДАРИЯ ӨЗЕНІ ӨСІМДІКТЕРІНІҢ ТАРАЛУ ЕРЕКШІЛІГІ. Progress in Science, (14). Retrieved from https://ojs.publisher.agency/index.php/PS/article/view/9315

Issue

Section

Biological Sciences