Химия сабағында дифференциациялық оқыту әдісі арқылы оқушылардың академиялық тілін дамыту
Abstract
9 «В» сыныбында «Химиялық реакцияның жылдамдығына әсер етуші факторларды зерттеу» тақырыбында сабақ өткіздім. Қалыптастырушы және жиынтық бағалау жұмыстарын сараптау барысында үш оқушының – мотивация деңгейі өте жоғары, төрт оқушының мотивация деңгейі орташа және үш оқушы тұрақсыз (кейде төмен) нәтиже көрсететіні анықталған болатын. Осындай үш оқушыға менің бұрынғы қолданған «оқытудың дәстүрлі әдіс-тәсілдер» тиімсіз болды. Осыған орай, химия сабақтарында оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыруға ықпал ететін әдіс-тәсілдермен [1] танысып оларды тәжірибеде қолдану оқытудың стратегияларын зерттеуге түрткі болды. [2]
Мектептің психологиялық қызметінің «сынып картасына» [3] сәйкес менің пәнімнен қиындықтары бар оқушылар сангвиниктер. М мен Ж оқушылары – кинестетиктер, оларға ойлаудың көрнекі-бейнелі типі сәйкес келеді, бірақ Ж түрлі интеллект түрімен ерекшеленетіндіктен сабақта ерекше көңіл бөлуді қажет ететін оқушы. Ал Н мен А оқушылары – визуал, олардың ойлау типтері көрнекі-бейнелі екендігі анықталды. [4] Осылайша, зерттейтін сабақтың тиімділігін бағалаудың бір түрі осы оқушылардың жұмыс нәтижелері болмақ.
Published
How to Cite
Issue
Section
License
This work is licensed under a Creative Commons Attribution-ShareAlike 4.0 International License.