ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ САЛТ-ДӘСТҮРЛЕРІНІҢ МЕН ӘДЕТ-ҒҰРЫПТАРЫНЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МАЗМҰНЫ

Authors

  • Мусаев Жангали магистр - оқытушы, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Түркістан қаласы, Қазақстан Республикасы
  • Аман Ерсін 6В02122- Дәстүрлі ән өнері 1 курс студенті

Abstract

Абайдың педагогикалық еңбектерін дұрыс түсініп игеру арқылы ғана, шынайы халқымызға тән тәлім-тәрбиеміздің қайнарынан қанып ішуге мүмкіндік ашамыз. Сонда ғана, Абайдың ұрпағына өсиет етіп қалдырған «...мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла...» деген сөзінің мәніне түсінеміз [1, 45]. Ол үшін аз-көп Абай заманының алдына өткен ғұламаларға сәл ғана болса да үңіліп көрелік... Күллі адамзат қауымында өткен, ақыл-парасат алыптарының ішінде, ой кермегін татып, тіршілік тұңғиықтарын ұғынған сайын, өздерінің кемелдеріне жеткен кемеңгерліктерін ұрпақ тәрбиесіне арнамағандары аз.

Сонау, көне дүние данышпандары: Сократ та, Платон да, Аристотель де, төрткүл тіршіліктің тылсым сырларын шешкен ата-бабаларымыз - Әбунасыр әл-Фараби, Әбу Абдолла ибн-Мұса әл-Хорезми, Әбу Райхан әл-Бируни, Ғаббас ибн-Сейд әл-Жауһари, Әбу Әли ибн-Сина, Жүсіп Баласағұн, Мұхаммед Тарағай Ұлықбек, Ғұламахи Дауани да мектеп ашып, шымырлай аққан ой құдіретін ұрпақ тәрбиесіне бұрған.

Олай болса, ұлы ойшылдардың қол созған мұраттарының тірелер жері, тікелей адам тәрбиесімен астасып жатыр. Тіпті, кешегі өткен – Декарт, Локк, Ян Каменский, Ж.Ж. Руссо, Л. Толстой да тәрбие саласына бар жиған-тергендерін толғаныстары, тіршілікпен тікелей жалғасу үшін, екі түрлі арнаға – педагогика мен психология салаларымен үндесе қабысуға мәжбүр болады екен. Осыдан келіп, кемеңгерлікке жеткен жаңның қос қанаты – ойшылдық пен ұстаздық бірін-бірі толықтырып, ғажайып үлкен үндестіктерге жететінін аңғарамыз.

Published

2023-05-15

How to Cite

Мусаев Жангали, & Аман Ерсін. (2023). ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ САЛТ-ДӘСТҮРЛЕРІНІҢ МЕН ӘДЕТ-ҒҰРЫПТАРЫНЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МАЗМҰНЫ. Research Retrieval and Academic Letters, (2). Retrieved from https://ojs.publisher.agency/index.php/RRAL/article/view/1490