МАТЕМАТИКА КУРСЫНДАҒЫ ГЕОМЕТРИЯЛЫҚ МАТЕРИАЛДАРДЫ ОҚЫП БІЛУДЕ КОМПЬЮТЕРЛІК ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУ
Abstract
Компьютерлік технологиялар компьютермен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті тақтаны қолдануға, Интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар қатынастық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді.
Білім беруді ақпараттандандыру үрдісі пән мұғалімдеріне, әдіскерлерге, білім мекемелерін басқарушыларға жаңа ақпараттық технологияны өз қызметтеріне жан-жақты пайдалану саласына үлкен талап қояды. Ақпараттық-қатынастық технологияны бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін дамытуға және оның мүмкіндіктерін әлемдік білімдік ортаға енудегі сабақтастыққа қолдану негізгі мәнге ие болып отыр. Білім беруді ақпараттандыру, білім салаларының барлық қызметіне ақпараттық технологияны енгізу және ұлттық модельді қалыптастыру қазақстандық білім беруді сапалы деңгейге көтерудің алғышарты.
Білім беруді ақпараттандыру–жаңа технологияны пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асырады. «Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп, Ел басы атап көрсеткендей жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны, яғни компьютерді оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор.
Бүгінгі күнде оқытуды электрондық оқулықтардың көмегімен ұйымдастыру оқушылардың білімдерін жетілдіруге, сабаққа деген қызығушылықтарын арттыруға мүмкіндік беріп отыр. Электрондық оқулықтардың дәстүрлі қағаз кітаптардан айырмашылығы «жандандырылған» болып келеді. Бұл педагогика ғылымдарының негізін салушы Ян Амос Каменскийдің дидактикалық ережесіне сай келеді: «Барлық мүмкін деген нәрселерді қабылдауды сезіммен жүзеге асыру керек, атап айтқанда: көру – көз жанар арқылы; есту – құлақ арқылы; иіс сезу – мұрын; дәм – тіл арқылы қабылданады. Егер қандайда болмасын затты бірнеше сезіммен қабылдау керек болса, бірнеше сезім салу қажет».
Электрондық оқулық – компьютер экранында көрінетін жай ғана мәтін емес, ол оқушыға керекті материалдарды өз бетінше меңгеруге, өзін-өзі тексеруіне, бағалауына және білім сапасын арттыруына мүмкіндік береді.
Әр мұғалім сабақ өткізген кезде оқушыларға сапалы білім беру үшін жаңа технологияларды, сонымен қатар компьютерді, электрондық оқулықтарды, интерактивті тақтаны қолдану арқылы білім берсе, оқушылардың қызығушылығы арта түсері анық.