МУЗЫКА МҰҒАЛІМІНІҢ ХОРМЕН ЖҰМЫС ЖАСАУДА ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Abstract
Музыка пәні мұғалімінің хормен жұмыс істеуге даярлау үдерісінде педагогикалық-психологиялық әртістік негізін қалыптастыру, шығармашылық қабілет, іс-әрекет жөнінде өз ойларын көптеген ғұламалар өздерінің еңбектерінде жазып қалдырған. Адамның жеке басын, қабілеттерін дамытуды ұлы дала ойшылдары Ч.Валиханов, Әл-Фараби, Абай тұжырымдарын, көзқарастарын тиісті еңбектерінде білдірген. Көрнекті педагогтар К.Д.Ушинский, Ы.Алтынсарин, В.А.Сухомлинский, А.С.Макаренко қабілеттерді дамыту жолдарын қарастырған.
Ресей ғалымдары Г.САльтшуллер, А.Г.Ананьев, Ю.К.Бабанский, Л.С.Выготский, В.В.Давыдов, В.С.Ильин, В.А.Крутецкий, Т.В.Кудрявцев, А.Н.Леонтьев, Н.С.Лейтес, Л.В.Занков, Б.М.Теплов, т.б., сондай-ақ республикамыздың көрнекті ғалымдары Т.Т.Тәжібаев, Қ.Б.Жарықбаев, М.М.Мұқанов т.б. өз еңбектерінде жеке тұлғаны дамыту мәселесінің теориясы мен практикасының негізін қалаған, шығармашылық қабілеттің дамуының психологиялық негіздерін, шығармашылық процестің құрылымын зерттеген.
Музыка пәні мұғалімінің қызметі - педагогикалық, музыкатанымдық, ағартушылық және музыкалық-орындаушылық, соның ішінде оның құрамдас түрінің бірі болып саналатын хормен жұмыс істеу әрекетін қарастырады. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, өзінің ісіне шығармашылықпен қарайтын музыка мұғаліміне педагогика, психология, музыкалық өнер саласынан білім алумен бірге, тұлғаның кәсіби-шығармашылық әлеуетін белсендендіруге, кәсіби - шығармашылық белсенділікке жоғары мотивациялық даярлығын қалыптастыруға, кәсіби дербестікке, әсіресе хормен жұмыс істеу әрекетіне ықпал ететін ерекше тұлғалық қасиеттерді, арнайы білім мен іскерлікті меңгеру қажет.