БОЛАШАҚ МҰҒАЛІМІНІҢ АҚПАРАТТЫҚ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МҮМКІНДІКТЕРІ

Authors

  • Марайім Жансая Кәрімбекқызы оқытушы, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Түркістан қаласы Қазақстан Республикасы
  • Жұмабек Аяжан 6В02123- Актерлық өнері мамандығының 2 курс студенті

Abstract

Нарықтық қатынастар орныға бастаған тәуелсіз еліміздегі білім мекемелерінің алдына оқушыларға берілетін білім мен тәрбие сапасын көтеру және жақсарту міндеттері қойылды. Соңғы уақытта заман ағымына байланысты білім мазмұнында көптеген түбегейлі өзгерістер болуда.

ХХІ ғасыр қоғам талабына байланысты білімдендіру ғасырына айналуда. Қазақстан Републикасының қазіргі кездегі саясаты экономикалық өзгерістерге сай қоғамдық өмірдің барлық саласындағы демократиялық жағдайларға байланысты білім беру мәселелері маңызды орынға ие болуда. Міне біз үшінші мыңжылдыққа аяқ басып жаңа дәуір табалдырығын аттаған шақта, екі ғасырдың тоғысуын бірдей көру қазақ халқы, қазақ жастары үшін мақтаныш. Ендеше, егеменді Қазақстан еліміздің болашағы, жастар тәрбиесі, ұлттық тәрбие мәселесі - деген сауалдар бізді мазалайды. Аталмыш сауалдарға жауап іздеп көрерік. Қазір қоғам алдындағы негізгі міндеттердің бірі - заман сұранысына сай оқу-ағарту, тәрбие мәселелерін сараптап, адами, кәсіби, танымдық, іскерлік, біліктілік т.б сапалы қасиеттерді қалыптастыруда ұлттық тәрбиені бүгінгі таңның кезек күттірмейтін келелі мәселелерінің бірі болып отырғанына көз жеткіздік.

Бүгінгі таңда жас ұрпақты өз халқының тарихын, тегін, салт-дәстүрін, тілін білімін, адамзаттық мәдениетті, адами қасиетті мол терең түсінетін шығармашылық тұлға етіп тәрбиелеу өмір талабы, қоғам қажеттілігі. Жалпы айтқанда әрбір жеке адам қоғам тұлғасы ретінде жеке тәрбие жұмысына, жеке өзіндік өмір бейнесіне, жеке құқыққа, танымдық қасиетке, жеке түрткі күшіне ие болатын жан. Адам белгілі бір қоғамның мүшесі, ол қандай да болмасын бір іспен айналысады, оның азды-көпті тәжірибесі, білімі өзіне тән ерекшеліктері болады. Осы айтылғандардың жиынтығы оны “жеке адам” етеді. Жеке адамның өзіндік ерекшелігі оның дүниетанымынан, сенімінен, талғам, мұратынан, бағытынан, қабілет қызығушылығынан жақсы байқалады. Танымдық іс-әрекеттер адам мақсаттарымен ұмтылыстарының негізі болатын, білімін қалыптастыратын, шығармашылық қызметінің тарихи үрдісі.

Published

2023-06-05

How to Cite

Марайім Жансая Кәрімбекқызы, & Жұмабек Аяжан. (2023). БОЛАШАҚ МҰҒАЛІМІНІҢ АҚПАРАТТЫҚ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МҮМКІНДІКТЕРІ . Scientific Results, (3). Retrieved from https://ojs.publisher.agency/index.php/SR/article/view/1652

Issue

Section

Art history