БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ САБАҚТАН ТЫС УАҚЫТТАРЫН ӨТКІЗУІ
Abstract
Білімдендіру қызметін іске асыруға бағытталған дәстүрлі педагогикада білім мазмұны оқушылар игеруі тиіс педагогикалық икем мен сәйкестікке келтірілген ғылыми ақпарат және оған байланысты тәжірибелік ептіліктер мен дағдылар жүйесі ретінде қабылданған Білім мазмұнының мәнін ашуда бұл бағыт білімдік бағдарлы оқу атамасын алған. Мұндай оқу жүйесінде азаматтың тарихи дамуы барысында жинақталған білімдер ғана әлеуметтік құндылық ретінде танылады.
Бұл көзқарастан демократиялық қоғамның басты міндеті -шығармашыл, дербес ой жүргізе алатынадам қалыптастыру - жалаң білім жинақтау талаптарының көлеңкесінде қалып келді.
Соңғы кездерде білімді адамиластыру идеясының арқасында білім мазмұнының мәнін айқындауда тұлғаның бағдарлы оқу бағыты кең назарға алынуда.Осы бағытқа орай оқушылар белгілі оқу мазмұнын ғана меңгерумен шектелмеуі тиіс.