Қазақстанның имиджін қалыптастырудағы «Jibek Joly» телеарнасының рөлі
Keywords:
қоғам, имидж, PR-технологиялар, бұқаралық ақпарат былады құралдары, бедел, коммуникациялық технологиялар, елдің брендіAbstract
Бүгінгі кезде PR-технологияларды игеруде коммуникативті стратегиялардың ролі артып келеді. Қазақстан Республикасының имиджін құруда коммуникацияның нақ осы форматы белсенділік танытуда. PR-технологиялардың мақсатты аудиториямен ұзақ әрі берік қарым-қатынас орнатуда бейімділігі жоғары. Ол мақсатты аудиторияны анықтау, ішкі және сыртқы мемлекет имиджін құрудағы дұрыс стратегияны таңдауға сер етеді.Соңғы жылдары жағымды имидж қалыптастыру мәселесі жан-жақты талдануда. Ғылыми конференциялар, пікірталастар, осы сұрақты әртүрлі жолдармен өзектендіруге тырысып жатырған мемлекеттік органдардың іс-әрекеттері осыған мысал бола алады. Елдің жағымды имиджін құруда PR-компоненті өте маңызды, ол мемлекеттің мәртебесі мен беделіне кері әсерін тигізетін факторлармен күресте аса қажет. Қазіргі кезде технологиялар ролін арттыру үшін имиджі құрудағы міндеттерді шеше алатын бірыңғай мемлекеттік жүйе құруға болады. Алайда ол жан - жақты талдауды талап етеді. Бұл ретте, өз ресурстарын белсенді пайдаланатын, қоғамның түрлі салаларына қоғамдық пікірді арттыру үшін психологиялық және саяси әсер ету технологиялары арқылы бұқаралық ақпарат құралдарын бақылайтын ақпараттық компонент маңызды. Мақалада коммуникативтік стратегияларды және Қазақстанның имиджін қалыптастыру процесінде PR-технологияларды қолдану ерекшеліктері зерттеліп, сондай-ақ «Jibek Joly» және “Silk way”, «Silk Way Cinema» спутниктік телеарналары мысалында елдің имиджін құрудың заманауи тәсілдері қарастырылған.
Published
How to Cite
Issue
Section
License

This work is licensed under a Creative Commons Attribution-ShareAlike 4.0 International License.