АТ СПОРТЫ АРҚЫЛЫ ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ҚИМЫЛ-ҚОЗҒАЛЫСЫН АРТТЫРУДЫҢ ҒЫЛЫМИ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Keywords:
Ұлттық ойын, ат спорты, жасөспірім, болмыс, тәлім-тәрбие, рухани адамгершілік, дене шынықтыру, ақыл-ой, денсаулық, бәйге, жарысAbstract
Ұлттық ойындардың қоғамдағы орнын теориялық –педагогикалық тұрғыдан негіздеу ұлттық ойындар мен спортты қолданудың теориялық және педагогикалық мазмұнының сапалық жағына әсер етіп, оқытушы ұстаз, тәрбиеші мамандар даярлауда, спорттық оқу-жаттығу жұмыстарының тәжірибелік мазмұнын кеңейтеді, ұлттық ойындар мен спортқа арналған мемлекеттік заңдар мен бағдарламалардың сапалы болуына жол ашады.
Қазақтың ұлттық ойындары туралы деректер халықтың ауыз және жазба әдебиеттерінде, тарихи деректерде, философиялық ой-пікірлерде, саяхатшылар жазбаларында, археологиялық қазба, музей жәдігерлерінде көптеп кездесетіндігін айта келіп, ұлттық ойындар барлық жастағы адамдар арасында дене тәрбиесі, еңбекке баулу, халық пен жерді қорғау істерінде кеңінен қолданылғандығын көруге болады.
Қимыл-қозғалыс әрекетіндегі ұлттық ойындар жасөспірімдерді жан жақты дамытып қана қоймай, ол ата-бабаларымыздың ұлттық психологиялық болмысы мен тәлім-тәрбиесін, рухани адамгершілік сипаттары мен мәдени құндылықтарын өзара ішкі бірлікте денсаулық сақтау межесіне жету мақсатын көздеген. Қазақ халқының өмір тәжірибесінде баланың әралуан ойын түрлері олардың қимыл-қозғалыстарын, ептілігі мен бейімділігін, танымы мен пайымын дамытып, өрістетіп отырады. Жасөспірімдердің денесін шынықтыру мен ақыл-ойының жетілуіне әсер етеді.
Published
How to Cite
Issue
Section
License

This work is licensed under a Creative Commons Attribution-ShareAlike 4.0 International License.