Ақ қыша (лат. Sinapis álba) тұқымынан эктракт алу әдістерін зерттеу

Authors

  • Әбдрәсіл Айдана Мұхтарқызы Қазақстан Республикасы Алматы қаласы, С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медициналық университеті, Фармация мектебі, Фармацевтикалық технология кафедрасы, 7М10111 – Фармация (профильді) білім беру бағдарламасының магистраты
  • А.Ш. Амирханова РhD, доценті

Keywords:

Ақ қыша (Sinapis álba), экстракт, құйынды әдіс, мацерация әдісі, құрғақ қалдық, экстрактының тығыздығы, технологиялық параметр, технологиялық сызба

Abstract

Ақ қыша (Sinapis álba) өсімдігі Қазақстанда аз зерттелген өсімдіктердің бірі. Ақ қыша (Sinapis álba) тұқымымен экстракт алуға екі түрлі әдіс қарастырылды: құйынды әдіс және салқын мацерация әдісі. Ақ қыша (Sinapis álba) өсімдігінің үгітілген тұқымымен құйынды әдіспен экстракт алу тиімсіз деп танылды, оған себеп үгітілген дәнді көп мөлшерде үгіту барасында көп мөлшерде шырышты заттар түзіліп, экстрактыны фильтрден өткізуге мүмкіндік бермеді. Осыдан соң екінші рет құйынды әдспен экстракт алуға ақ қыша (Sinapis álba) өсімдігінің үгітілмеген тұқымы пайдаланылды және нәтижесінде 112 мл көлемінде экстракт алынды. Экстракт алу үшін пайдаланылған тағы бір әдіс салқын мацерация әдісі. Ақ қыша (Sinapis álba) өсімдігінің үгітілген тұқымымен мацерация алу әдісі 7 күн 1-4oC аралығындағы тоңазытқышта тұндырылды және 113 мл көлемінде экстракт алынды.

Оң нәтиже берген екі экстрактының сапасы бағаланды. Экстрактының салыстырмалы тығыздығын анықтау ҚР МФ І, 1 т., 2.2.5. бойынша ареометр аппаратымен өлшенді және құйынды әдіспен алынған экстрактының тығыздығы 1,005 г/см3., ал мацерация әдісімен алынған экстрактының тығыдығы 1,023 г/см3 құрады. Құрғақ қалдық қалдығы ҚР МФ І, 1 т., 2.8.16 сәйкес бағаланды. Ақ қыша (Sinapis álba) өсімдігінің үгітілмеген тұқымымен құйынды әдіспен алынған экстрактының құрғақ қалдығы 0,0276 г ал, ақ қыша (Sinapis álba) өсімдігінің үгітілген тұқымымен мацерация әдісімен алынған экстрактынан  0,1086 г. құрғақ қалдық қалды. Екі сараптаманың нәтижесінде және шығымды ескере отырып, ең оңтайлысы ал, ақ қыша (Sinapis álba) өсімдігінің үгітілген тұқымымен мацерация әдісімен алынған экстрактысы деп танылды.

Published

2024-04-14

How to Cite

Әбдрәсіл Айдана Мұхтарқызы, & А.Ш. Амирханова. (2024). Ақ қыша (лат. Sinapis álba) тұқымынан эктракт алу әдістерін зерттеу. Scientific Results, (6). Retrieved from https://ojs.publisher.agency/index.php/SR/article/view/3346

Issue

Section

Pharmaceutical Sciences