Өңірлік дамудағы инновациялық кластерлердің рөлі мен олардың жұмыс тиімділігін бағалау әдістері

Authors

  • Болсынбекова Г.А. Аға оқытушы, Alikhan Bokeikhan University ББМ, Семей қ.

Abstract

Елдің өңірлік даму ерекшеліктерінің бірі – аумақтардың біркелкі әлеуметтік-экономикалық дамуы болып табылады.Барлық елдерде,техникалық, ғылыми, білім беру және инновациялық әлеуетінің деңгейі жоғары атақты аймақтар бар. Мұндай аймақтарды «инновациялық даму аумақтары» деп аталады. Әдетте, бұл аймақтар ұлттық экономиканың дамуына үлкен әсерін тигізеді.

Қазіргі уақытта көптеген шет елдерде кәсіпкерлік субъектілерде,салаларда, өңірлерде елдің инновациялық деңгейін арттыру үшін кластерлік тәсілді қолданады. Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, кластерлік тәсіл өнеркәсіптік саясат мақсаттарына (инновациялық бағытын күшейту,бәсекеге қабілеттілігін арттыру) қол жеткізу құралы үшін ғана емес, сонымен қатар, аймақтық дамытуды ынталандыру үшін қуатты құрал болып табылады.

Әдетте, инновациялық кластерлер сол аймақтарда немесе техника және технология саласындағы серпіліс болатын өңірлерде жаңа нарықтық шараларға қол жеткізуді қалыптастырады.

Published

2024-04-14

How to Cite

Болсынбекова Г.А. (2024). Өңірлік дамудағы инновациялық кластерлердің рөлі мен олардың жұмыс тиімділігін бағалау әдістері. Scientific Results, (6). Retrieved from https://ojs.publisher.agency/index.php/SR/article/view/3355

Issue

Section

Economic Sciences