Қазақстандық туристік аймақтарды танытуда Travel bloger-лердің желідегі белсенділігінің маңызы

Authors

  • Сейдалы Шапағат Сабырбекқызы Астана қ. Л.Н.Гумлев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «халықаралық журналистика» білім бағдарламасының 2 курс магистранты

Keywords:

саяхат, жеке блог, көрнекті жерлер, туризм, әлеуметтік желілер

Abstract

БАҚ – мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатын насихаттаушы төртінші билік өкілі. Ел ішіндегі барлық салалардың дамуы үшін үкімет пен БАҚ өкілдері арасында ынтымақтастыққа негізделген берік байланыс болуы керек. Бұл бірқатар мәселелердің шешілуіне және дамуына алып келеді. Қазіргі таңда өзекті тақырыптардың бірі ішкі және сыртқы туризм. Еліміздің көрнекті орындарына басымдық бере отырып әлеуметтік желілер ақпарат таратудың маңызды құралына айналды. Сәйкесінше, БАҚ құралдары барлық желілерде белсенділік көрсетіп, халықпен байланыстың жаңа кезеңіне өтті. Желілерде туристік аймақтар туралы арнайы сюжет дайындап, мақалалар ұсынатын порталдармен бірдей қарқында travel тақырыбында жеке влог жүргізетін блогерлер де белсенділік көрсетуде. Өз парақшасында арнайы туристік аймақтар мен елді-мекендер туралы ақпарат беріп, жеке тәжірибесімен бөлісетін олар елдің туризмінің дамуына өз үлесін қосуда. Мақалада БАҚ-пен блогерлердің өзара бірлескен жұмысының маңызы баяндалады. Сонымен қатар, бірнеше блогерлердің парақшасы мысалында талдау жасалып жеке контент пен туризмнің байланысы сипатталады.

Published

2024-04-14

How to Cite

Сейдалы Шапағат Сабырбекқызы. (2024). Қазақстандық туристік аймақтарды танытуда Travel bloger-лердің желідегі белсенділігінің маңызы. Scientific Results, (6). Retrieved from https://ojs.publisher.agency/index.php/SR/article/view/3368

Issue

Section

Journalism