Жасанды интеллект түсінігі және білім берудегі артықшылықтары мен кемшіліктері
Keywords:
білім, жоғары оқу орны, жаһандану, жасанды интеллект, уақытAbstract
Жасанды интеллект тез арада қарқынды дамып қазіргі қоғамда өмір сүрудің маңызды аспектісіне айналуда. Жасанды интеллекттің дамуына ең көп үлес қосқан Entefy, Google, Facebook, Apple, Twitter, IBM, Amazon, CloudMinds сияқты компаниялар болғандықтан АI күн тәртібіндегі маңызды сұрақтардың алды болып, әлемдік деңгейге көтеріліп маңызды мәселелерді шешетін рөлге ие болды. Мақалада жасанды интеллект саласының даму тарихы мен даму бағытына түсінік беріледі және жасанды интеллекттің адамның өмір сүру салтына және білім алуына келтіретін тиімділігі зерттеледі. Сонымен қатар қазіргі уақыттағы ғылымдағы әртүрлі зерттеулер мен жүйелерді әзірлеуге әсер ететін АI деңгейіне шолу жасалады. Жаһандану қоғамында жасанды интеллект адамдардың өмір сүру салтына тікелей әсерін көрсетуде. Мақалада жасанды интеллекттің білім беру саласына және адамның өмір сүру салтына әсері мен жоғары оқу орынындағы оқытушылардың жүктемелерін жеңілдетіп білім берудегі оқуды басқаруды тиімді бөлу және күнделікті тапсырмаларды автоматтандырудың маңыздылығы айтылады. Білім берудегі берілетін тапсырмалардың жасанды интеллект арқылы жасалуының психологиялық артықшылықтары мен кемшіліктері талқыланады, себебі бұл тәсіл олардың жүктемесі мен күйзелісін азайтуға көмектеседі. Сонымен қатар инфо чаттар мен боттар арқылы жасанды интеллекттің көрсете алатын мүмкіндіктері көп. Зерттеудің маңыздылығы жоғары оқу орындарындағы білім беру саласындағы адамдардың психикалық және жалпы денсаулығын сақтау, денсаулықтың деңгейін түсірмей ұстап тұру әдістерінің тиімділіктері қарастырылады. Жасанды интеллект ғылыми-зерттеу саласы жұмыстарының негізгі бағыттарын тізіп көрсетіп береді. Сондықтан, заманауи түрлі елдің ғалымдары адамның санасы сияқты әртүрлі функцияларды басқара алатын күрделі механизмді терең зетттеп, сананың мүмкіндіктерін жасанды жолмен жасауда қарқынды жұмыс жасауда. Адам ақыл ойының күрделі функциясынының механизмін зерттеп, жасанды интеллект жасауға қазіргі қоғам қарқынды жұмыс атқаруда. Бұл мақаладан күтілетін нәтиже адамның өмірін жеңілдету және уақытты үнемдеуге келгенде тиімді шешім болып табылады. Мақалада сол жасалған жұмыстардың нәтижелері де қысқаша сипатталады. Мақала жасанды интеллекттің дамуына қызығушылық танытушылар үшін маңызды зерттеу болмақ.
Published
How to Cite
Issue
Section
License

This work is licensed under a Creative Commons Attribution-ShareAlike 4.0 International License.