КИБЕРФИЗИКАЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕРДЕГІ ӨНДІРІС ПРОЦЕСТЕРІН БАСҚАРУ ӘДІСТЕРІ
Abstract
Киберфизикалық жүйелер (КФЖ) — физикалық және кибернетикалық компоненттердің интеграциясынан тұратын заманауи технологиялық жүйелер. Олар ақпараттық технологияларды, датчиктер мен орындаушыларды, сондай-ақ коммуникациялық желілерді біріктіру арқылы нақты әлемдегі физикалық объектілер мен процестерді бақылап, басқаруға мүмкіндік береді. КФЖ-нің ерекшелігі — олардың деректерді жинау, талдау және автоматтандыру арқылы шешім қабылдау қабілеті. Бұл жүйелер өндірістен бастап, транспорт, медицина, энергетика және т.б. түрлі салаларда қолданылып, өндіріс процестерін тиімді басқаруға зор ықпал етеді.
Киберфизикалық жүйелердің өндіріске енгізілуі «Industry 4.0» концепциясымен тығыз байланысты, бұл концепция өндірісті автоматтандыру, цифрландыру және интеллектуалды шешімдер қабылдауға бағытталған. КФЖ өндіріс процесіндегі бақылау мен басқаруды жетілдіріп, ресурстарды тиімді пайдалану, шығындарды азайту, өнімділікті арттыру сияқты бірқатар артықшылықтар береді. Сонымен қатар, бұл жүйелер, деректерді реальды уақытта жинау мен талдау арқылы, өндірістегі проблемаларды алдын ала анықтап, тиімді шешімдер қабылдауға мүмкіндік жасайды.
Published
How to Cite
Issue
Section
License
This work is licensed under a Creative Commons Attribution-ShareAlike 4.0 International License.