КӨШПЕЛІ ҚАЗАҚ ЕРЛЕРІНІҢ БЕЛДІКТЕРІ: ТҮРЛЕРІ, ДАЙЫНДАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТТЕРІ

Authors

  • ХАТРАН ДОСЫМБЕК Тарих ғылымдарының кандидаты, доцент, Алматы қаласы, Қазақстан
  • ҚЫРЫҚБАЕВА ЭЛЬМИРА ОМАРБЕКОВНА Тарих ғылымдарының кандидаты, доцент, Алматы қаласы, Қазақстан

Abstract

Бұл мақаладағы қарастырылып жатқан тақырып – көшпелілер киіміндегі негізгі элементтердің бірі белдік болып табылады. Оның рөлі туралы талдау қазақ белдіктері жайлы материалдар: түрлері, әлеуметтік қызметі, мағынасы, салт-жора, әдет-ғұрыптар және сенімдердегі атрибуттық аспектілері негізінде жасалатын болады.

Қола дәуірінде пайда болған киім түрлері және әртүрлі әшекейлермен бірге белдік те адамзат костюмының ажырамайтын, көп қызметті атқаратын элементі болып табылады. Қазіргі таңда түркі-моңғол халықтарында құйылмалы күмістен жасалған тасты айылбастармен безендірілген тері белдіктер ежелгі дәуірлердің мұрасы болып есептеледі; мұндай алғашқы белдіктердің жиынтығы сонау сақ, ғұн дәуірінде пайда болып, ең жоғарғы гүлдену кезеңі түркі дәуірінде болды [1]. Есік обасынан (ж.с.д. V ғ.) табылған алтын киімді сақ патшасының алтын белдігі құнды археологиялық дәлел болып табылады. Әдетте, қазақ тілінде жапсырмалы әшекейлермен безендірілген былғары белбеу «белдік» деп аталады, ол қымбат киімнің бір бөлігі ретінде есептеледі. Ал «белбеу» (белбуу) ұзын матадан жасалып, кез-келген сырт киімнің үстінен байланады. Киім мен оның элементтерінің байлығы, қолданылған материалының құндылығы (маталар мен т.б.), дайындау сапасы адамның әлеуметтік дәрежесін және оның ауқаттылығын көрсетеді.

Published

2025-02-24

How to Cite

ХАТРАН ДОСЫМБЕК, & ҚЫРЫҚБАЕВА ЭЛЬМИРА ОМАРБЕКОВНА. (2025). КӨШПЕЛІ ҚАЗАҚ ЕРЛЕРІНІҢ БЕЛДІКТЕРІ: ТҮРЛЕРІ, ДАЙЫНДАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТТЕРІ. Scientific Results, (9). Retrieved from https://ojs.publisher.agency/index.php/SR/article/view/5339

Issue

Section

Historical Sciences