НЕГІЗГІ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ МАҢЫЗЫ

Authors

  • Берліқаш Аяулым Саулетқызы 7M01503 - Информатика білім беру бағдарламасының, 2 - курс магистранты Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Қазақстан Республикасы Алматы қ.
  • Бостанов Бектас Ганиевич Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, педагогика ғылымдарының қауымдастырылған профессоры/ғылым кандидаты, Қазақстан Республикасы Алматы қ.

Keywords:

ақпараттық қауіпсіздік, оқушылар, негізгі мектеп оқушылары, психологиялық әсер, ақпараттық стресс, интернеттегі манипуляция, кибербуллинг, сыни ойлау, жеке деректерді қорғау

Abstract

Бұл мақалада негізгі мектеп оқушыларының ақпараттық қауіпсіздік құзыреттілігін қалыптастырудың маңыздылығы қарастырылады. Қазіргі қоғамда ақпараттық технологиялар мен интернеттің қарқынды дамуы оқушылардың ақпараттық қауіпсіздік дағдыларын меңгеру қажеттілігін арттырды. Мақалада оқушылардың интернеттегі қауіп-қатерлерді тану, жеке деректерді қорғау, ақпаратты сыни тұрғыдан бағалау және манипуляциялық контенттен сақтану қабілеттерін дамытуға бағытталған тәсілдер сипатталады. Сонымен қатар, мектеп бағдарламасына ақпараттық қауіпсіздік бойынша арнайы курстарды енгізудің маңыздылығы талқыланады. Оқушылардың ақпараттық сауаттылығын арттыру – олардың саналы интернет қолданушылары ретінде қалыптасуына ықпал етеді. Осыған байланысты мұғалімдердің рөлі, білім беру үдерісінде ақпараттық қауіпсіздікке бағытталған әдістер мен құралдардың маңыздылығы айқындалады

Published

2025-02-24

How to Cite

Берліқаш Аяулым Саулетқызы, & Бостанов Бектас Ганиевич. (2025). НЕГІЗГІ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ МАҢЫЗЫ. Scientific Results, (9). Retrieved from https://ojs.publisher.agency/index.php/SR/article/view/5346

Issue

Section

Pedagogical Sciences