ТАПСЫРМАНЫҢ ОҚУ МАҚСАТТАРЫНА САЙ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚАБІЛЕТТЕРІНЕ ҚАРАЙ САРАЛАНУЫ
Keywords:
сараланған тапсырмалар, оқу мақсаттары, математикалық деңгейлік есептер, есеп шығару тәсілдері, оқушылардың қабілеттері, логикалық ойлау, математика пәнін оқытуAbstract
Қазіргі білім беру жүйесінде пән мұғалімдері үшін оқушылардың қабілеттері мен белсенділіктерін ескере отырып, оларға сараланған тапсырмаларды әзірлеу арқылы оқушылардың оқу жетістіктерін оқу мақсаттарына сәйкес бағалау өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Көп жағдайда математика пәнінің мұғалімдері оқушыларға оқулықтағы деңгейлік тапсырмаларды ұсынумен шектеледі. Алайда, бұл тәсіл барлық оқушылардың қажеттіліктерін толық қамти алмайды. Мәселен, үлгерімі нашар оқушы қарапайым деңгейдегі (А деңгейі) тапсырманы сәтті орындаса, ал қабілеті жоғары оқушы өзіне тапсырылған күрделі деңгейдегі (С деңгейі) тапсырманы орындау барысында қиындықтарға тап болуы мүмкін. Мұндай жағдайда мұғалім оқушылардың оқу жетістіктерін қандай критерийлер негізінде әділ бағалауы тиіс?
Мақаланың негізгі идеясы оқушылардың танымдық деңгейлерін ескеріп, олардың математикалық ойлау қабілетін дамытуға ықпал ететін тиімді оқыту стратегияларын ұсыну болып табылады. Бұл үшін бір тапсырманы бірнеше оқу мақсатына сай түрлендіру арқылы оқушылардың қабілеттеріне қарай бейімдеу әдістері қарастырылады. Тапсырмаларды саралау, оларды оқушылардың қабілеттеріне бейімдеу білім беру үдерісінің тиімділігін арттырады және оқушылардың зерттеу дағдыларын қалыптастырып, тиімді әдістерді таңдау қабілетін дамытады, сондай-ақ пәнге деген қызығушылықтарын арттыруға мүмкіндік береді. Осылайша, ұсынылған тәсілдер мұғалімдер үшін оқушылардың деңгейіне сәйкес сараланған тапсырмаларды әзірлеу бойынша әдістемелік ұсыныстар дайындауға ықпал етеді, білім беру үдерісінің тиімділігін арттырып, оқу жетістіктерін әділ бағалауға мүмкіндік береді. Оқушылардың қабілеттерін ескере отырып, бір тапсырманы бірнеше оқу мақсатына сай түрлендіру олардың зерттеу дағдыларын, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту және олардың пәнге деген қызығушылығын арттыруда үлкен рөл атқарады
Published
How to Cite
Issue
Section
License

This work is licensed under a Creative Commons Attribution-ShareAlike 4.0 International License.