МЕКТЕП МАТЕМАТИКА КУРСЫНДА ҚОЛДАНБАЛЫ БАҒЫТТАҒЫ ЕСЕПТЕРДІ ОҚЫТУДЫҢ ҚАЖЕТТІЛІГІ

Authors

  • Кокажаева Амангуль Базарбековна Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық универсиеті, б.ғ.к., математика кафедрасының қауымдастырылған профессор м.а., Алматы қ., Қазақстан
  • Бергенжанова Гулим Рысказиевна Ғ.Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті, техника ғылымдарының кандидаты, ассоцияланған профессор, Алматы қ., Қазақстан
  • Сагинбай Жадра Темиргалиевна Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық универсиеті, математика кафедрасының 2-курс магистранты, Алматы қ., Қазақстан
  • Сейсенбаева Айзада Муратовна Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық универсиеті, математика кафедрасының аға оқытушысы, Алматы қ., Қазақстан

Abstract

Математика ғылымының адамзат мәдениетінің даму тарихындағы орны ерекше екені баршамызға мәлім. Ол қоршаған әлемді танудың кілті ретінде ғылыми-техникалық прогрестің негізі болып табылады.

Математикалық білім мен дағдылар жаратылыстану ғылымдарымен, техникамен, экономикамен байланысты және тағы сол сияқты көптеген кәсіптерде қажет. Алайда математика дәстүрлі түрде «математикалық емес» — мемлекеттік басқару, медицина, лингвистика және басқа да салаларға қажеттілігін мойындауымыз керек. Дәрігерге, тарихшыға, лингвистке математикалық білім мен математикалық ойлауды қолдану қажеттілігі сөзсіз, математикалық білім біздің заманымыздағы кәсіби қызмет үшін өте маңызды.

Қазіргі заманғы математикалық білім беруді модернизациялау –  мектептегі математика курсының қолданбалы бағытын күшейту, яғни оның мазмұны мен оқыту әдістемесін практикамен байланыстыру болып табылады. Математиканы оқытудың қолданбалы бағыты ол жаңалық емес, оның қалыптасуы мен дамуының барлық кезеңдері көптеген мәселелермен байланысты болғанымен, олардың кейбіреулері әлі шешілмеген. Мектеп математикасында қолданбалы бағыттағы есептердің мазмұны заманауи тұрғыдағы динамикалық және математикалық теорияның үнемі дамуымен тығыз байланысты болмақ, ол тарихтың әрбір жаңа кезеңімен қайта ойластыруды және түзетуді талап етеді. Бұл туралы ұмытпауымыз керек. Оқушылардың болашақ іс-әрекетінде математиканы қолданудың барлық аспектілерін болжау мүмкін емес, тіпті мектепте осы сұрақтардың барлығын қарастыру қиын [1].

Published

2023-02-19

How to Cite

Кокажаева Амангуль Базарбековна, Бергенжанова Гулим Рысказиевна, Сагинбай Жадра Темиргалиевна, & Сейсенбаева Айзада Муратовна. (2023). МЕКТЕП МАТЕМАТИКА КУРСЫНДА ҚОЛДАНБАЛЫ БАҒЫТТАҒЫ ЕСЕПТЕРДІ ОҚЫТУДЫҢ ҚАЖЕТТІЛІГІ. Scientific Results, (2). Retrieved from https://ojs.publisher.agency/index.php/SR/article/view/861

Issue

Section

Pedagogical Sciences