СУСЫНДАРДЫҢ СУТЕГІ КӨРСЕТКІШТЕРІН ЗЕРТТЕУ
Keywords:
су, газдалған сусындар, рН ортасы, аллергия, артық салмақ, гастритAbstract
Мақалада әр түрлі сусындардың рН көрсеткішін зерттеу нәтижелері келтірілген. Көбінесе рН көрсеткішін судың қышқылдығы немесе сілтілігі сияқты параметрлермен шатыстырады. Олардың арасындағы айырмашылықты түсіну маңызды.рН – бұл сандық көрсеткіш емес, қарқындылық көрсеткіші. Яғни, рН судың немесе сұйықтықтың қышқылдық немесе сілтілік дәрежесін көрсетеді, ал қышқылдық пен сілтілілік қышқыл мен сілтіні бейтараптандыруға қабілетті судың құрамындағы заттардың сандық мөлшерін сипаттайды. Егер судың pH көрсеткіші төмен болса, онда мұндай судың коррозиялық белсенділігі жоғары болады. рН 11-ден жоғары болса, су адам денсаулығына зиян келтіреді: тері мен көздің сілемейлі қабықшасын тітіркендіреді, мұндай судың сабындануы жоғары және өзіне тән жағымсыз иісі болады. Міне, сол себептен де ауыз су және шаруашылық-тұрмыстық судың рН деңгейі 6-дан 9-ға дейінгі диапазонда болуы оңтайлы болып саналады.