Трансшекаралық өзендер дипломатиясы: Қазақстан және Қытай

Authors

  • Иембекова Майра Ораққызы тарих ғылымдарының кандидаты, доцент, К.Сағадиев атындағы Халықаралық Бизнес Университеті, Алматы қаласы

Keywords:

Траншекаралық өзендер, Қазақстан-Қытай диплломатиясы, Ертіс және Іле өзендері, Қорғас және Сүмбе өзендері, Бірлескен комиссия

Abstract

            Мақалада Қазақстан мен Қытай арасындағы трансшекаралық өзендерді бірігіп пайдалану мәселесінің қазіргі жағдайы, келісімдік-құқықтық негізі және екі ел арасында осы өзендерге қатысты атқарылып жатқан жұмыстар мен проблемалық мәселелер қарастырылған. Зерттеуде траншекаралық өзендерге қатысты екі мемлекеттің ұстанымдары талданып, қазіргі кезде жүргізіліп жатқан келіссөздердің нәтижесі жан-жақты пайымдалған. Екі елдің арасында осы мәселеге қатысты атқарылып жатқан нақты жұмыстар легі ашып көрсетілген. Сонымен бірге екі мемлекет арасында ең ірі өзендерге қатысты келісім шарттардың осы уақытқа дейін жасалмай отырған себептері талданып, Қытайдың өзінің Шыңжаң-Ұйғыр ауданын дамытуға арналған Стратегиясын жүзеге асыруға байланысты келісімге келуді созып жібергені, Қазақстан жағы өз  экономикасында өзен суларын үнемдеудің жаңартылған технологиясын шаруашылыққа енгізіп жатқандығы туралы пайымдаулар жасалған.  

Published

2026-08-03

How to Cite

Иембекова Майра Ораққызы. (2026). Трансшекаралық өзендер дипломатиясы: Қазақстан және Қытай. Scientific Results, (14). Retrieved from https://ojs.publisher.agency/index.php/SR/article/view/9103

Issue

Section

Political Studies