«ҰЛТ-АЗАТТЫҚ КӨТЕРІЛІСТЕР» ҰҒЫМЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ

Authors

  • Р.А. Куконев 7М01601- Тарих мамандығының 2-курс магистранты (Өскемен қаласы, Қазақстан)
  • Ә. А.Өскембай С.Аманжолов атындағы ШҚУ, т.ғ.к., қауымдастырылған профессор. (Өскемен қ., Қазақстан)

Abstract

Адамзат тарихында әркезде, әртүрлі тартыс, талас, қарама-қайшылықтар болғаны және бола беретіні ақихат. Осы талас, тартыс, қарама-қайшылықтар сияқты қазақ лексиконында көтеріліс деген сөз бар. Енді көтеріліс дегеніміз не? Уикипедия - ашық энциклопедиясынан алынған мәліметке сүйенсек. Көтеріліс - орын алған биліктерге қарсы болған табысты немесе сәтсіз бұқаралық қарсылық, әдетте революциядан айырмашылығы, билік жүйесі тиянақты шүбәге душар болмайды, және сонымен қатар төнкерістен айырмашылығы, соңында көпшілік емес,  «өз адамдары « қатысады. Көтерілістердің революцияларға сирек әкеліп соғуының себебі, саяси ұйым түрлері саяси және экономикалық ұйымдарда тап және нағыз баламаларда құрастырылған индустриалды қоғамдардың көрінуіне дейін жоқ болуы.

XVIII-XX ғасырларда қазақ даласында Ресей отаршылдарына қарсы бірнеше ірі-ірі ұлт-азаттық қозғалыстары болды. Қазақ халқының тәуелсіздік пен дербес даму жолындағы күресінің негізгі кезеңдері:

Сырым Датұлының басқаруымен отаршылдыққа қарсы қозғалыс (1783-1797);

Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлының ұлт-азаттық қозғалысы (1836-1838);

Кеңесары Қасымұлының ұлт-азаттық көтерілісі (1837-1847);

Жанқожа Нұрмұхамедұлының көтерілісі (1856-1857);

Есет Көтібарұлының қозғалысы (1868-1869);

Маңғыстаудағы шаруалар қозғалысы (1870).

Published

2023-06-19

How to Cite

Р.А. Куконев, & Ә. А.Өскембай. (2023). «ҰЛТ-АЗАТТЫҚ КӨТЕРІЛІСТЕР» ҰҒЫМЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ. Scientific Research and Experimental Development, (3). Retrieved from https://ojs.publisher.agency/index.php/SRED/article/view/1754