Қазіргі кездегі ресей-түрік сауда-экономикалық қатынастарының дамуы
Abstract
Түркия мен Ресей арасындағы сауда-экономикалық байланыстарға әсер ететін негізгі факторларды анықтау үшін Түркиядағы экономикалық ахуалдың және ресей-түрік сауда қатынастарының өзекті мәселелері қарастыру өте маңызды. Сауда экономикалық қатынастар – кез келген елдер арасындағы дипломатиялық қатынастарды дамытудың басты векторы. Ресей-түрік экономикалық қатынастарының проблемасы тез өзгеретін жағдайларды ескере отырып, ерекше өзектілікке ие болып отыр.Яғни, экономикалық саладағы ынтымақтастық шеңберіндегі өзара іс-қимыл саяси тұрақтылық пен дипломатиялық әріптестікке негіз болып отыр.
Қазіргі уақытта екі ел арасындағы қатынастар позитивті негізде сипатталып, Түркия Ресейдің негізгі экономикалық серіктестерінің біріне айналуда. Соңғы уақытта қос ел арасында шикізаттық емес экспортты белсенді түрде дамытып жатқанын ескерсек, түрік экономикасының қажеттілігі және оның Ресей экспортына деген ашықтығын зерттелуі қажет басты тақырып. Осыған байланысты келесі ғылыми сұрақтар анықталуы тиіс негізгі сұрақтарға жатады: Ресей мен Түркия арасындағы сауда қатынастары қай бағытта дамып келуде? Ресейлік кәсіпкерлер бизнес жүргізу кезінде қандай тәуекелдерге тап болуда? Және Түркиялық бизнес өкілдер РФ жерінде қаншалықты заңмен қорғалған? Экономикалық байланыстар қос ел арасындағы байланысты қаншалықты беріктендіре түседі және саяси тұрақтылықты сақтаудағы рөлі қалай болмақ? Бұл сұрақтарға жауап беру арқылы қос ел арасындағы экономикалық байланыстың негізгі ерекшеліктерін анықтайтын боламыз. Бұл сұрақтарға жауап беру үшін түрік экономикасының қазіргі даму кезеңіндегі көрсеткіштері және Ресеймен экспорттық-импорттық қатынастары қолданылды, сонымен қатар екі елдің сауда қатынастарына әсер ететін оң және теріс факторлар анықталды.