ҚР ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.

Authors

  • Турдалиев Адилбек Улжабаевич Тарих ғылымдарының кандидаты. Профессор. Атырау инженерлік-гуманитарлық институты ректоры.Атырау қ-сы. Қазақстан
  • Каймова Асем Бактияровна Х.Досмухамедов атындағы Атырау университеті 7М04201 – Юриспруденция мамандығының 2 курс магистранты

Abstract

        Еліміздің  бүкіл территориясының экологиялық ахуалы күннен күнге нашарлауда. Бұл жағдай өз отандастарымыздың, тұрғындардың,  азаматтардың мақсат-мүдделеріне ораан зор нұқсан келтіруде. Сондықтан бүгінде қоршаған ортаны, тіршілік иелерін оның зақымдануынан қорғау мәселесі өткір тұр. Осыған байланысты экология саласында жан-жақты ғылыми құқықтық зерттеулер жүргізу қажет. Біздің Ата Заңымызда ел азаматтарының қолайлыда қалыпта ортада, қауіпсіз өмір сүруінің құқығы танылған. Осымен қатар, қоршаған ортаның әсерінен туындаған қолайсыз жағдайларынан келтірілген залалды өтеу құқығы негізделген. Бұл мәселенің өзектілігі қалыптасқан жағдайларда экологиялық мәселені әлемдік ауқымды проблемаға ие болуынан туындайды.

         Экологиялық құқықтың талаптарын сақтамау экологиялық құқықты бұзу түріне байланысты заңды жауапкершілікке әкеп соқтырады. Экологиялық заңды бұзушылық - экологиялық заңдардың талаптарын бұзу және оның зардабының адамға, қоршаған орта мен табиғатқа залал келтіретін заңсыз іс. Адамның экологиялық заңнама талаптарына сәйкес  келмейтін әрекеті экологиялық құқықты бұзуының белгілері. Аталмыш жауапкершілік санкцияларын қолдану қажеттілігін туындататын жағдайдың өзі экологиялық құқықтың бұзылуының бар белгілері мен  элементтерінің болуының қажеттілігін тудырады.

Published

2022-11-05

How to Cite

Турдалиев Адилбек Улжабаевич, & Каймова Асем Бактияровна. (2022). ҚР ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ. Scientific Research and Experimental Development, (1). Retrieved from https://ojs.publisher.agency/index.php/SRED/article/view/234