ҚИЫНДЫҒЫ ЖОҒАРЫ ТРИГОНОМЕТРИЯЛЫҚ ТЕҢДЕУЛЕРДІ ШЕШУДІҢ КЕЙБІР ТИІМДІ ТӘСІЛДЕРІ ТУРАЛЫ
Abstract
Орта мектепте теңдеулер мен теңсіздіктерге байланысты теориялық материалдар математиканың негізгі бөлігін құрайды, өйткені теңдеулер мен теңсіздіктер математиканың әр бөлімдерінде және маңызды қолданбалы есептерді шешуде кең қолданыс табады. Осыған орай оқушыларды мектеп қабырғасында тригонометриялық теңдеулер мен теңсіздіктер желісінің қолданбалық теориялық-математикалық желілерімен байланысын құру бағыттарын игерту мәселесі тригонометриялық функциялардың қасиеттерін пайдалану арқылы есептерді шешуге, теңдеулер мен теңсіздіктерді шешуге үйрету материалдарын талдау мен сапалы игерту мәселесімен тығыз байланыста болады.
Тригонометриялық функциялардың қасиеттерін пайдалану арқылы есептерді шешу теориясы орта мектепте оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыта алатындай, өз алдына ғылыми-педагогикалық маңызы бар негізгі оқу материалы болып табылады [1].
Мектепті бітіру және жоғары оқу орындарына түсу емтихандарында математикадан ұсынылып жүрген тапсырмалардың құрамында тригонометриялық теңдеулер, теңсіздіктер, функцияларды зерттеу есептерінің бой көрсетуі жиілеп барады.
Бірақ мұндай есептер және оларды шешудің кейбір әдістері мектеп математика курсында қарастырылмайды. Олай болса, күрделі тригонометриялық теңдеулерді шешу оқушыларға оңай түспейтіндігі түсінікті. Сондықтан, пән мұғалімдері оқушыларға қайсыбір тақырып бойынша білім беруде, тек оқулық көлемімен ғана шектеліп қоймай, оларға қосымша әдебиеттерден, ғылыми-әдістемелік журналдардан алынған қосымша теориялық материалдарды беруге және қиындығы жоғары есептерді шешудің жолдарын көрсеткендері абзал[2].
Published
How to Cite
Issue
Section
License

This work is licensed under a Creative Commons Attribution-ShareAlike 4.0 International License.