ДАНАЛЫҚ БИІГІ: АБАЙДЫҢ БІР ӨЛЕҢІНДЕГІ БІРЕГЕЙЛІК

Authors

  • Салқынбай Анар Бекмырзақызы Филология ғылымдарының докторы, профессор, Фараби университеті. Қазақстан

Abstract

Қазақ мәдениетіндегі Абайдың орны бөлек, маңызы ерек. Әр сөзінде түйдек-түйдек ой сомдаған, қай заманда да ескірмейтін, мәні терең, уәжді сөз айтқан Абайдай ойшылдың басты ерекшелігі – СӨЗінің – қазақтың ұлттық кодына айналуында.

Абай сөзі қазақ дүниетанымының жиынтығы ретінде жұмырланып, тиянақталып, ұлттық болмыс пен мінездің айнасындай, ұлттық мәдени кодымыздың тұжырымды тұғырнамасына айналған. Бұлай деуіміздің мәнісі бар. 

Ғылымда жеке тұлғаның тарихтағы орны, тарихы өзгертудегі рөлі туралы жазылған ғылыми зерттеулер баршылық. Тарихтың философиялық мәселелерін зерттеуші ғалымдар оның эволюциялық және революциялық даму формаларына бөлінетінін де айтқан. Қоғамның даму жағдайында жеке тұлғаның белсендігінің рөлі де әр түрлі көрініс береді. Жеке тұлғалардың саяси белсенділігі белгілі таптың, ұлттардың, әлеуметтік топтардың мақсаттарын орындауға бағытталып, табысты болуы үшін бар күш-жігерін, білімі мен өмірлік тәжірибесін пайдаланады. Ондай тұлғалар қоғамның эволюциялық не революциялық дамуының тікелей қатысушысы болып, өзінің белсенділігін таныту арқылы тарихи оқиғалардың кейіпкеріне, тіпті қайраткеріне де айналуы ықтимал.

Published

2024-01-15

How to Cite

Салқынбай Анар Бекмырзақызы. (2024). ДАНАЛЫҚ БИІГІ: АБАЙДЫҢ БІР ӨЛЕҢІНДЕГІ БІРЕГЕЙЛІК. Scientific Research and Experimental Development, (5). Retrieved from https://ojs.publisher.agency/index.php/SRED/article/view/2830