МУЗЫКА САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ РУХАНИ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ӘДІСТЕРІ
Keywords:
құндылық, оқу, тәрбие, қалыптастыру, тұлға, салауатты өмір, ұлттық педагогика, руханиAbstract
Еліміз егемендік алып, келешекке үлкен үмітпен бұрыс жасап жатыр. Қандай мемлекеттің болса да, бет бейнесі мен келешегі жастарға байланысты. Жастар болғанда да, талапты өнерлі жастарды айтамыз. Олай дейтін себебіміз, ұлттық тәрбие алмаған жастың ұлттық рухы болмайды. Алға қойылған орасан зор міндеттерді жүзеге асыратындар да - жастар. Сондықтанда біз келешекте қуатты мемлекет, зиялы қауым құрамыз десек, жастарды өнегелі рухта, т.б. көптеген салт-дәстүрлеріміз тұрғысынан тәрбиелеуіміз қажет. Осы талап, міндеттерді орындаған ең бір пәрменді құрал-оқу, тәлім-тәрбие жұмыстарында халықтық педагогиканың алтын мұрасын, қанша уақыт өтсе де-тот баспайтындай адалдығы айнадай ұлттық қазынаны пайдалану.
Қоғам жаңашаланып, өткеннің мәдени – тарихи мұралары ортамызға қайта оралып, оның рухани құндылықтары, дәстүрлері, өнерлері адамның адамзат болып қалыптасуына, тұтас алғанда жеке адамды әлеуметтендіру ісінде маңызды роль атқаратындығын көрсетіп отыр. Сондықтан адамзат тарихындағы ең асыл мұраларын қолдан шығарып алмай, білім саласындағы осы “Ақтаңдақтардың” бетін ашып, көне мәдениетімізге тереңірек үңіліп өткен уақыттың рухани мұрасын саралау, талдау қажеттігі туып отыр. Осы орайда, қазіргі кезде қоғам алға қойып отырған мәселе осы төңіректе. Көптеген білім беру жүйесіндегі жаңашаландыру бағыты, ең алдымен, тәрбие мәселесіне әкеліп соқтырады. Оқу-тәрбие процесін бір тұтас алып жүретін халықтық педагогика аталған білім мен тәрбиелеу мазмұнын жаңартуға жәрдемдесе алады
Published
How to Cite
Issue
Section
License
This work is licensed under a Creative Commons Attribution-ShareAlike 4.0 International License.