Қосалқы станцияны ішкі электрмен жабдықтау үшін жаңартылатын энергияны пайдалану тиімділігін бағалау

Authors

  • Умирбек Мынжасар Алимжанулы Магистрант 2 курс, Алматы энергетика және байланыс университеті
  • Казанина Ирина Владимировна К.т.н, доцент, Алматы энергетика және байланыс университеті

Abstract

 

Қазіргі таңда жаңартылатын энергия көздерін (ЖЭК) қолдану әлемдік деңгейде үлкен өзектілікке ие болып отыр. Көмір, мұнай, табиғи газ секілді қазба отындардың қоры шектеулі және олардың жануынан шығатын зиянды қалдықтар экологияға үлкен қауіп төндіруде. Осыған орай, энергияның таза және жаңартылатын көздеріне, соның ішінде күн энергиясына көшу қазіргі заманның басты талаптарының бірі болып отыр. ЖЭК-ті пайдалану Қазақстанда да өзекті мәселе, себебі елімізде энергияны тұтыну көлемі артып, экологиялық мәселелер күшейіп келеді.

Энергетикалық қауіпсіздік пен экономикалық тиімділікті арттыру үшін энергетика саласында жаңа, экологиялық таза шешімдерді іздеу маңызды. Соның бірі – электр қуатын тарату және жеткізу жүйесінің маңызды бөлігі саналатын электр станциялары мен қосалқы станцияларды өз қажеттіліктеріне қажет энергиямен жабдықтау үшін күн энергиясын пайдалану. Қосалқы станциялардың қызметі тек энергияны таратып қана қоймай, сонымен қатар энергияны өңдеу, басқару және бақылау жұмыстарын қамтиды. Осы жұмыстарды іске асыру үшін станцияның өз ішкі қажеттіліктері де энергияны қажет етеді. Әдетте, бұл энергия сыртқы электр желілерінен алынатын болса, жаңартылатын энергия көздерін, әсіресе күн энергиясын пайдалану арқылы қосалқы станциялардың осы қажеттіліктерін қанағаттандыруға болады.

Published

2024-11-25

How to Cite

Умирбек Мынжасар Алимжанулы, & Казанина Ирина Владимировна. (2024). Қосалқы станцияны ішкі электрмен жабдықтау үшін жаңартылатын энергияны пайдалану тиімділігін бағалау. Scientific Research and Experimental Development, (8). Retrieved from https://ojs.publisher.agency/index.php/SRED/article/view/4704