ЦИФРЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ: БОЛАШАҚТЫҢ ПЕДАГОГИКАСЫ

Authors

  • Әбілда Шарапат Директордың бейіндік жұмысы жөніндегі орынбасары, Түркістан облысы, Түркістан қаласы, «Абай атындағы №31 жалпы білім беретін мектеп» КММ

Abstract

Білім беру – адамзат өркениетінің негізі, ал технологияның қарқынды дамуы бұл саланың да түбегейлі өзгеруіне ықпал етті. Бүгінгі таңда цифрлық білім беру тек қосымша құрал емес, ол – болашақтың педагогикасы. Америкалық футуролог Элвин Тоффлер: "XXI ғасырдың сауатсыздары оқу-жазу білмейтіндер емес, жаңа нәрселерді үйрене, қажетсізін ұмыта және қайта үйрене алмайтындар болады" деген. Бұл ой цифрлық дәуірде білім берудің мәнін ашып көрсетеді. Дәстүрлі оқыту әдістерімен қатар, онлайн платформалар, жасанды интеллект және виртуалды шындық сияқты жаңа технологиялар білім берудің тиімділігін арттыруда. Мұндай өзгерістер оқытушылар мен білім алушылардың өзара қарым-қатынасына, оқу процесінің құрылымына және мазмұнына ықпал етеді. Цифрлық педагогика оқытудың икемділігін, қолжетімділігін және дербестілігін қамтамасыз етіп, білім алушыларға өзіне ыңғайлы уақытта, қажетті ақпаратқа жылдам қол жеткізуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл үрдіс білім теңсіздігін азайтып, әрбір оқушыға сапалы білім алуға жол ашады. Осылайша, цифрлық технологиялар білім беруді жаңа деңгейге көтеруге көмектеседі

Published

2025-03-10

How to Cite

Әбілда Шарапат. (2025). ЦИФРЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ: БОЛАШАҚТЫҢ ПЕДАГОГИКАСЫ. Scientific Research and Experimental Development, (9). Retrieved from https://ojs.publisher.agency/index.php/SRED/article/view/5457