АРНАЙЫ ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ ОРТАСЫН ӘЛЕУМЕТТІК-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҰЙЫМДАСТЫРУ АРҚЫЛЫ ҚҰРУ

Authors

  • Ширинбаева Гулбахира Койбагаровна Педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (Алматы қаласы, Казақстан)
  • Кошжанова Гульшат Айдарбековна докторнат, К.Сағадиев атындағы Халықаралық Бизнес Университеті, (Алматы қаласы, Казақстан)

Abstract

Инклюзивті білім беру ортасын құру арқылы мүмкіндігі шектеулі баланы арнайы оқыту үдерісін ұйымдастыру, әр бала ерекше және өзінің жеке қажеттіліктері, қабілеттері мен қиындықтары бар мәселелермен тікелей байланысты. Инклюзивті білім беруді әлеуметтік-педагогикалық ұйымдастыру бұл жалпы білім беру жүйесінде жағдай жасау, онда әртүрлі ерекшеліктері бар (физикалық, интеллектуалдық) балалар қоғамға сәтті интеграциялануға бейімделген қолдау ала отырып, құрдастарымен бірге оқиды. Бұған жеке білім беру траекторияларын әзірлеу, материалдарды бейімдеу, қолдау ортасын құру және педагог-мамандардың сүйемелдеуі кіреді. Негізгі міндет-сапалы білім алуға тең қолжетімділікті қамтамасыз ету және барлық балаларды әлеуметтендіру. Миллиган мен Кеннедидің (2016) зерттеуіне сәйкес, саңырау балаларды оқытуға арналған құрылғыларды пайдалану оқу тиімділігін арттыруға және олардың оқудағы артта қалу деңгейін төмендетуге мүмкіндік береді [1].    

Published

2026-01-26

How to Cite

Ширинбаева Гулбахира Койбагаровна, & Кошжанова Гульшат Айдарбековна. (2026). АРНАЙЫ ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ ОРТАСЫН ӘЛЕУМЕТТІК-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҰЙЫМДАСТЫРУ АРҚЫЛЫ ҚҰРУ. Scientific Research and Experimental Development, (12). Retrieved from https://ojs.publisher.agency/index.php/SRED/article/view/7693