ТҮРКІ ӘЛЕМІН ӨРКЕНДЕТУДЕГІ МӘДЕНИ БІРЛІК ПЕН ӨРКЕНИЕТТІ ҚҰРУ: БІЛІМ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ТАРИХТЫҢ ИНТЕГРАЦИЯЛЫҚ ПАРАДИГМАСЫ

Authors

  • Л. Әділбекова филология ғылымдарының кандидаты, қауымд. профессор, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті
  • Н.Алиева заң ғылымдарының магистрі, докторант, Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Keywords:

Түркі өркениеті, мәдени бірлік, Түркі мемлекеттері ұйымы, Түркістан, тарихи жады, білім, ғылым, интеграция, Ұлы Жібек жолы, цифрлық гуманитаристика

Abstract

Мақалада XXI ғасыр жағдайындағы түркі әлемінің мәдени тұтастығын нығайтудағы білім, ғылым және тарихи сананың интеграциялық әлеуеті өркениеттік көзқарас тұрғысынан қарастырылады. Түркі өркениеті адамзат өркениетінің маңызды құрамдас бөлігі ретінде бағаланып, оның қалыптасуы мен дамуындағы тарихи факторлар жүйелі түрде сараланады. Автор түркі халықтарының ортақ тарихи жадының, мәдени мұрасының және ғылыми дәстүрінің қазіргі интеграциялық үдерістердегі рөлін талдай отырып, Ұлы Жібек жолының өркениеттер арасындағы білім алмасу кеңістігі болғанын негіздейді. Сонымен қатар орта ғасырлардағы түркі ойшылдарының әлемдік ғылымға қосқан үлесі бағаланып, қазіргі Түркі мемлекеттері ұйымының білім мен ғылым саласындағы ынтымақтастығының негізгі бағыттары айқындалады. Түркістан қаласында құрылып жатқан Түркі өркениеті орталығының түркі халықтарының ортақ ғылыми-білім беру кеңістігін қалыптастырудағы стратегиялық миссиясы көрсетіледі.

Published

2026-08-17

How to Cite

Л. Әділбекова, & Н.Алиева. (2026). ТҮРКІ ӘЛЕМІН ӨРКЕНДЕТУДЕГІ МӘДЕНИ БІРЛІК ПЕН ӨРКЕНИЕТТІ ҚҰРУ: БІЛІМ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ТАРИХТЫҢ ИНТЕГРАЦИЯЛЫҚ ПАРАДИГМАСЫ. Scientific Research and Experimental Development, (14). Retrieved from https://ojs.publisher.agency/index.php/SRED/article/view/9152