СВЕТҚАЛИ НҰРЖАН ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ТАҚЫРЫПТЫҚ, КӨРКЕМДІК ІЗДЕНІСТЕР

Authors

  • Мутиев Зинулла Жаксылыкович М. Өтемісов атындағы БҚУ профессоры, ф.ғ.к., Орал, Қазақстан
  • Мұханбетова Жангүлім Өтепбергенқызы М. Өтемісов атындағы БҚУ оқытушысы, магистр, Орал, Қазақстан
  • Жукеева Арайлым Серикбаевна М. Өтемісов атындағы БҚУ 2-курс магистранты, Орал, Қазақстан

Abstract

Светқали Нұржан поэзиясы – ұлттық идеяның асыл арнасы, рухани үндестіктің ажырамас бөлігі. Оған себеп ақын поэзиясында рух асқақтығы, елдік пен өрлік, туған жер тынысы, қайсарлық пен батырлық, ақындық болмыс, өлең-жырға құрмет, ғашықтық сезім иірімдері, көңіл-күй толқыны, табиғат әсемдігі ажырамас тұтастықта көрініс табады.

Әдебиеттанушы Ж.Мәметов: «Светқали шығармашылығы Махамбет, Абай дәстүрін бойына қалыптастыруымен, жергілікті Маңғыстау өңірі ақын-жырауларының сөз қолданыстарын бала күнінен бойына сіңіруімен, кейінгі кеңестік дәуір ақындары Сәкен мен Ілиястан бастап Мұқағали мен Төлегенге дейінгі ақындық поэзияны барынша терең меңгеруімен ерекшеленеді. Осыған қарап Светқалидың шығармашылық өнерінде Батыс Қазақстандық көне ақын-жырауларға тән үрдістің жаңа дәуір әдебиетімен араласқан синтетикалық сипатын аңғаруға болады» [1] – деп түйінді пікір білдіреді. Расында да жыр дүлдүлдерінің ой ұшқындарын, сөз қолданыстарын бойына дарыта білген талантты ақын поэзиясы көне жыраулық дәстүр мен жаңа заман әдебиетінің тұтасқан өзгеше мән-сипатын айқын танытады.

Published

2023-03-05

How to Cite

Мутиев Зинулла Жаксылыкович, Мұханбетова Жангүлім Өтепбергенқызы, & Жукеева Арайлым Серикбаевна. (2023). СВЕТҚАЛИ НҰРЖАН ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ТАҚЫРЫПТЫҚ, КӨРКЕМДІК ІЗДЕНІСТЕР. Scientific Research and Experimental Development, (2). Retrieved from https://ojs.publisher.agency/index.php/SRED/article/view/930