ІЛЕ АЛАТАУЫНЫҢ ЕТЕГІНДЕГІ КҮҢГІРТ ҚАРА ҚОҢЫР ТОПЫРАҚТАРДЫҢ ҚҰНАРЛЫЛЫҒЫН АРТТЫРУДА ТОПЫРАҚ ОМЫРТҚАСЫЗДАРЫНЫҢ РӨЛІ

Authors

  • Козыбаева Фарида Есенкожановна биология ғылымдарының докторы, профессор, Бас ғылыми қызметкер, Ө.О.Оспанов атындағы Қазақ топырақтану және агрохимия ғылыми-зерттеу институты. 050060, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 75В, Қазақстан
  • Бейсева Гульжан Бейсеевна ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, Бас ғылыми қызметкер, Ө.О.Оспанов атындағы Қазақ топырақтану және агрохимия ғылыми-зерттеу институты. 050060, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 75В, Қазақстан
  • Дүмшебай Айжан Әукенқызы биология пәнінің мұғалімі, Алматы қаласы, Ұлжан ықшамауданы, №152 мектеп-гимназия

Keywords:

биокөмір, спринклерлік суару, тамшылатып суару, атыздық суару, Collembola, Oribatei, Diplura, Lumbricina

Abstract

Зерттелетін топырақта микроартроподтардың барлық компоненттерінің жалпы санының 61,5% құрай отырып, аяққұйрықтылар (Collembola) басым жағдайда кездеседі. Сауытты кенелер (Oribatei) – 30,7 %, қос құйрықтылар (Diplura) – 7,7 % құрайды. Микроартроподтар, топырақтың беткі (0-5 см) қабатында жинақталған, биокөмір (спринклерлік суару) нұсқасында 5-10 см қабатында да олардың мөлшері жоғары. Тәжірибе телімдерінің топырақтарында негізгі массаны құрайтын жалпы басым компоненттер олардың экологиялық икемділігінің кең екенін көрсетеді. Екінші жылғы зерттеулердің көрсетуі бойынша микроартроподтардың фауналық құрамы, саны мен топырақта жайғасуы тәжірибе нұсқалары бойынша біркелкі емес, өте аз мөлшерде кездеседі. Саны бойынша да, туыстық құрамы бойынша да сауытты кенелер - Oribatеi басым жағдайға ие, Collembola сирек және бірлі жарымды мөлшерде кездеседі. Микроартроподтар ылғал сүйгіш жануарлар. Спринклерлік суармен салыстырғанда тамшылатып суару кезінде олардың саны көбірек. Жауын құрттары тың жерлердің топырақтарында көп кездеседі, себебі мұнда өсімдік қалдықтары көп

Published

2023-03-05

How to Cite

Козыбаева Фарида Есенкожановна, Бейсева Гульжан Бейсеевна, & Дүмшебай Айжан Әукенқызы. (2023). ІЛЕ АЛАТАУЫНЫҢ ЕТЕГІНДЕГІ КҮҢГІРТ ҚАРА ҚОҢЫР ТОПЫРАҚТАРДЫҢ ҚҰНАРЛЫЛЫҒЫН АРТТЫРУДА ТОПЫРАҚ ОМЫРТҚАСЫЗДАРЫНЫҢ РӨЛІ. Scientific Research and Experimental Development, (2). Retrieved from https://ojs.publisher.agency/index.php/SRED/article/view/945