ҮЗДІКСІЗ КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУДІ ЖЕТІЛДІРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ТҰРҒЫДАН НЕГІЗДЕУДІҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ

Authors

  • Тельбаева Ляззат магистр-оқытушы, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Түркістан қаласы Қазақстан Республикасы

Abstract

Қазақстан Республикасында техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында «Экономика салалары мен жұмыс берушілерді бәсекеге қабілетті дағдылары мен білім алуды жалғастыру үшін жеткілікті әлеуеті бар техникалық және қызмет көрсету еңбегінің білікті мамандарымен қамтамасыз ету үшін техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жаңғырту» мақсаты көзделіп, кәсіптік білім беру жүйесіне оқытудың ақпараттық, дистанциялық интерактивтік технологияларын енгізу іс-шараларын қолға алу міндеттелген. Сондықтанда қазіргі қоғамымызда әрбір оқытушы өз іс-әрекетінде қажетті өзгерістерді әр түрлі тәжірибелер жөніндегі мағлұматтарды жаңа әдіс-тәсілдерді дер кезінде қабылдап, дұрыс пайдалана білуі керек.

Мұндай нақты міндеттер жоғары оқу орындарында кәсіби маман даярлау үдерісінде иновациялық технологияларды қолдану арқылы жүзеге асырудың тиімділігін ескерсек, қарастырып отырған мәселенің өзекті екендігі байқалады.

Яғни, келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беретін кәсіптік білім оқытушыларын инновациялық технологиялар негізінде кәсіби даярлаудың ғылыми-педагогикалық негіздерін қарастыру маңызды мәселелердің бірі болып отыр.

Published

2023-03-05

How to Cite

Тельбаева Ляззат. (2023). ҮЗДІКСІЗ КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУДІ ЖЕТІЛДІРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ТҰРҒЫДАН НЕГІЗДЕУДІҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ. Scientific Research and Experimental Development, (2). Retrieved from https://ojs.publisher.agency/index.php/SRED/article/view/953