БОЛАШАҚ МҰҒАЛІМІ – ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ - ҰСТАЗ

Authors

  • Мухамеджанова Малика Жалгасовна магистр-оқытушы, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Түркістан қаласы Қазақстан Республикасы
  • Яхияхожа Айгерім Абибуллақызы 6В02124- Хореография мамандығының, 3 курс студенті

Abstract

Әлемде, елімізде, қоғамда болып жатқан өзгерістер, Қазақстан Республикасында Білім беруді дамытудың 2015-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын, 2020-2025 жылдар арасындағы кешенді тәрбие бағдарламасын іске асыру қазіргі заманғы болашақ мұғалімге жаңа талаптар қояды. Қазіргі заманғы болашақ мұғалім қандай болуы керек?

Әлбетте, бұл сұраққа бірден жауап беру қиын. Әйтсе де, талаптанып көрейік. Біздігінше, ұйымдастырушылық - коммуникативтік дағдыларды дамыту үшін жағдайлар жасап, окушылардың бойында білімді шығармашылыкпен қабылдауға ұмтылысты дамыта алатын, оларды дербес ойлауға, материалды зерделеу барысында өзіне қоятын сұрақтарды, дербес тұжырымдауға үйрететін, олардың қажеттіліктерін толығырақ іске асыратын, пәндерді зерделеуге ынтасын арттыратын, олардың жеке бейімдіктері мен дарын нышандарын ұштай алатын, ынталандыра алатын адам.

Бүгінгі болашақ ұстаз үнемі ізденіс үстінде, сондай-ақ ол "мектеп оқушыларын не нәрсеге оқыту керек?" деген көкейкесті проблемалық сұраққа жауап іздейді. Өз ісіне деген сүйіспеншілікті шәкірттерге деген сүйіспеншілікпен ұштастырады, балаларды оқытып қана қоймайды, сонымен бірге өз шәкірттерінен де оқып-үйрене алады. Әрбір баланың жан түкпірінде жатқан ең тәуір сапаларды анықтауға, балаларды көтермелеуге тиіс. Сонда ғана олар мектепті бітіргеннен кейін өздерінің қоғамдағы орнын анық сезініп, оның игілігі үшін жұмыс істей алады, қоғамымыздың ағымдағы және келешектегі міндеттерін шешуге қатысуға тастүйін дайын болады. Қазіргі заманғы болашақ мұғалім — бұл кәсіби маман. Педагогтың кәсібилігі оның кәсіби жарамдылығымен, кәсіби жол табуымен, дербес дамуымен, яғни өз бойында кәсіби қызметті орындау үшін қажетті қасиеттерді мақсатты түрде қалыптастыруымен анықталады.

Published

2023-03-05

How to Cite

Мухамеджанова Малика Жалгасовна, & Яхияхожа Айгерім Абибуллақызы. (2023). БОЛАШАҚ МҰҒАЛІМІ – ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ - ҰСТАЗ . Scientific Research and Experimental Development, (2). Retrieved from https://ojs.publisher.agency/index.php/SRED/article/view/955