Қ.МҰХАМЕДЖАНОВТЫҢ КОМЕДИЯЛЫҚ ДРАМАЛАРЫНДАҒЫ «МӘҢГҮРТТІК» МӘСЕЛЕСІ
Keywords:
мәңгүрт, драма, комедияAbstract
Бұл мақалада Қ.Мұхамеджановтың комедиялық драмаларындағы мәңгүрттік мәселесі туралы айтылған. Автор бұл комедияда мәңгүрттенген адамға ұлттық құндылықтарымызды дәріптей отырып, рухани негізімізді таныта және әсер ету арқылы ғана ұлттық ой санамызды қалпына келтіре алатындығымыз туралы ой қозғайды. Автор комедиясының бір ерекшелігі жаман кейіпкерлер сол күйінде жаман болып қала бермейді. Сол кейіпкерді екінші комедиясында жақсы ортаға түсіріп, оларды жақсы кейіпкер етіп шығарып отырады. Автор уақыттың бір орында қалмайтынын, уақыт пен заман талабына жастарды бейімдесе тез орнына келетіндігін жақсы таныған. Сол себепті де комедияларының жалғасын беріп онда кейіпкерлерін дұрыс жағына бұрып, өзгеше түр бере білген. Қ. Мұхамеджанов комедияларында өз ана тілін білмеушілік, опасыздық, жемқорлық, жағымпаздық, жалған белсенділік, алаяқтық секілді ұлттық санамызға жат және дінімізде де рұқсат етілмейтін қылықтарды ащы сарказммен беріп отырады. Қоғамда орын алған келеңсіз қылықтарды күлкі ете отырып, оқырман ойын ондай қасиеттерден арылту ұстанымын береді.