КӨКӨНІС ЕГІЛГЕН КҮҢГІРТ ҚАРА ҚОҢЫР ТОПЫРАҚТАРДЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ, АГРОХИМИЯЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ

Authors

  • Бейсеева Гульжан Бейсеевна ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, Бас ғылыми қызметкер, Ө.О.Оспанов атындағы Қазақ топырақтану және агрохимия ғылыми-зерттеу институты. 050060, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 75В, Қазақстан
  • Қаймолданова Лимара Каирбековна физика және информатика пәнінің мұғалімі, Алматы қаласы, Ұлжан-1 ықшамауданы, Жалайыр көшесі, 48. №152 мектеп-гимназия

Keywords:

күңгірт қара қоңыр топырақ, физикалық қасиеттері, су өткізгіштік, гумус, гидролиздк азот, фосфор, калий

Abstract

Іле Алатауының тау бөктеріндегі 70 жыл бойы суармалы егістікке пайдаланылған қара-қоңыр топырақтары тың жерлердің топырақтарымен салыстырғанда елеулі өзгерістерге ұшырады. Зерттеулердің нәтижесінде ұзақ уақыт бойы суармалы жағдайда көкөніс өсірген кезде топырақ тығыздығының артқаны, топырақ құрылымының нашарлағаны, су өткізгіштігінің нашарлағаны байқалады. Органикалық қалдықтардың қарқынды минерализациялануы қара-қоңыр топырақтарда гумус заттарының жетіспеушілігіне әкеледі де, олардың құнарлылығын төмендетуге әкеледі. Тәжірибе теліміндегі гумустың мөлшерінің топырақ кескіні бойынша біркелкі таралуын суару және бір кездерде суару егістігіне жоспарланған  телімдердегі топырақтүзілу үрдістерімен түсіндіруге болады. Минералды тыңайтқыштарды қолдану: гидролиздік азот, фосфор мен калийдің жалы түрлері сияқты құнарлылық элементтерінің мөлшерін арттырады.

Published

2023-03-20

How to Cite

Бейсеева Гульжан Бейсеевна, & Қаймолданова Лимара Каирбековна. (2023). КӨКӨНІС ЕГІЛГЕН КҮҢГІРТ ҚАРА ҚОҢЫР ТОПЫРАҚТАРДЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ, АГРОХИМИЯЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ. World Scientific Reports, (2). Retrieved from https://ojs.publisher.agency/index.php/WSR/article/view/1070

Issue

Section

Physical and Mathematical Sciences