БАҚ дискурсындағы эмотивті-бағалауыштық лексиканың ықпал етуші қызметі
Abstract
Бүгінгі таңда ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуының нәтижесінде ақпарат қуатты күшке айналып отыр. Ақпарат тасқынының әсерімен жаңа ақпараттық қоғам орнады. Соның нәтижесінде ақпарат қоры қоғамның ғылыми-техникалық жағынан да, әлеуметтік жағынан дамуына да ықпал етіп отыр. Қазіргі кезде телеграф, телефон, радио, теледидар сияқты ақпарат құралдарының орнына электронды пошта, ватсап желісі, түрлі әлеуметтік желілер қолданылады. Ақпараттық технологияда дыбыс, кескін, әріп-сан мәліметтерін пайдалана отырып, ақпаратты мультимедия немесе гипермәтіндер арқылы жеткізеді. Байланыс құралдарын компьютерлік желілермен байланыстыру арқылы ауқымды мәліметтер жақсы сақталып, тез өңделеді. Халықаралық интернет желісіне қосылу арқылы Жер ғаламшарының кез келген бөлігіндегі ақпарат көзімен таныса аламыз, әлемдік қауымдастықтың ақпараттық кеңістігіне ене аламыз. Ақпарат көпшілікке қолжетімді болды. «Ақпараттық қоғам» «киберкеңістік» немесе «ақпараттық сфера» («инфосфера») деп аталатын бұрын-соңды болмаған ақпараттық инфрақұрылым тудырды. Ақпараттық сферада алуан түрлі, көп өлшемді ақпарат жинақталып, кодталады, сақталады, белгілі бір адамдардың мүддесіне сәйкес өңделеді.
Published
How to Cite
Issue
Section
License

This work is licensed under a Creative Commons Attribution-ShareAlike 4.0 International License.