Қазіргі қазақ прозасындағы көркемдік ізденістер мен ағымдардың бастау көздері, даму арналары

Authors

  • Демен Толғанай Жәкенқызы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Филология факультеті, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы тіл білімі институты

Keywords:

әдебиет, қазар прозасы, қазіргі әдебиет, ағым, бағыт, көркемдік, стиль, мәдениет

Abstract

Мақалада қазіргі қазақ прозасындағы көркемдік ізденістер мен ағымдардың бастауы туралы сөз қозғалады.Әдебиеттің даму бағыттары, көркемдік таным арналары, ізденістері, ең алдымен, ағым мәселесімен тығыз ұштасады. Әр ұлттың әдебиетінде көркемдік ізденістер, бағыттар, ағымдар әр кезеңде әр түрлі жағдайда өзгеше қалыппен дамиды. Қайсыбір ағым, бағыттар басқа топыраққа тамыр жібермей жатады. Ол тарихи-әлеуметтік жағдай, әдеби-интеллектуалдық орта табиғатына байланысты. Қазақ әдебиетінде имажинизм, дадаизм, акмеизм, футуризм, барокко т.б. ағымдар дамыған жоқ. Көркем әдеби үдеріс өзге әдебиеттерді қайталау, соған еліктеу міндетін алға қоймаған.
Ал, қазіргі дәуірдегі көркемдік әдістердің қазақ әдебиетіндегі көріністері тұтас бағыт деңгейіне көтерілмеген, олар өзара ара-жігін де ашып дараланбағандықтан, бүгінгі күн бедерінде көркем-әдеби ағым ретінде өмір сүруде. Оның орнына қарай дәстүр, үрдіс, көрініс, стиль терминдері қолданылуы мүмкін.
Әлемдік немесе ұлттық әдебиеттің даму жолында болсын тарихи қалыптасқан ортақ көркемдік құбылыстар – ағым мен бағыт ұғымдарының зерттелу тарихына зер салсақ, бірізділікті аңғару қиын. Бірнеше суреткерлер шығармашылығына тән әлеуметтік-идеялық, танымдық-эстетикалық ұқсас сипаттардан туындайтын аталмыш әдеби-теориялық категориялардың табиғатын тану бүгінгі таңға дейін қайшылықты пікірлерден арыла алған жоқ. Ұлттық әдебиеттегі ағымдар мен әдістердің ауысулары сол ұлттың көркемдік дамуының аса айқын белестері және әдебиет заңдылықтарының жүзеге асуының нақты көрсеткіштері.
Мақаланың қорытынды бөлімінде отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып, өзіндік пікірімізді ұсынамыз.

Published

2024-01-29

How to Cite

Демен Толғанай Жәкенқызы. (2024). Қазіргі қазақ прозасындағы көркемдік ізденістер мен ағымдардың бастау көздері, даму арналары. World Scientific Reports, (5). Retrieved from https://ojs.publisher.agency/index.php/WSR/article/view/2907