АҚЫН КӘКЕЙ ЖАҢЖҰҢҰЛЫ ПОЭЗИЯСЫ

Authors

  • Еркегүл Шаймардан Арыққарақызы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, «Отырар кітапханасы» ғылыми орталығының, бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының кандидаты.Нұр-Сұлтан, Казахстан

Abstract

Қай ақын болмасын қиыннан қиыстырып, бұрын көп ешкім айта қоймаған сөз өрнектерін қолдануға тырысатыны белгілі. Ақын Кәкей Жаңжұңұлы поэзиясының тілдік қуатына, ақынның әсемдік әлеміне, ондағы көркемдеу құралдарына назар аударып көрейік.

Ақынның тіл байлығының өлшемін аңғартатын жәйттердің бірі – синонимдер немесе мәндес сөздер. Бұл бір мағынаны, ұғымды басқа – басқа болып келетін бірнеше сөзбен беру тәсілі екені белгілі. Синонимдер ақын шығармашылығында бір құбылысты, бейнені өлең ішінде бірнеше қайталануынан сақтандырып, өлеңнің нәрін кіргізіп, тартымды көркем бейнелеуге көмектесетін және ақынның тілді игеру өресін, суреткерлік қасиетін танытатын бірден – бір құрал деп қараған жөн.

Published

2022-11-20

How to Cite

Еркегүл Шаймардан Арыққарақызы. (2022). АҚЫН КӘКЕЙ ЖАҢЖҰҢҰЛЫ ПОЭЗИЯСЫ. World Scientific Reports, (1). Retrieved from https://ojs.publisher.agency/index.php/WSR/article/view/334

Issue

Section

Philological Sciences