ЖОО-да оқыту үдерісінде генетиканы оқытуда қолданылатын цифрлық технологиялардың мүмкіндіктері
Abstract
Білім беруді цифрландыру саласында болашақ педагогтарды цифрлық білім беру ресурстарын пайдалануға үйретудің маңыздылығын ескеру маңызды. Бұл цифрлық технологияларды енгізу және ілгерілету арқылы мемлекет экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының мақсаттарына сәйкес келеді (Мемлекеттік бағдарлама, 2017 ж.). Сонымен қатар, Президент Қ.Ж. Тоқаев 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Қазақстан жаңа жағдайда: әрекет ету кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауында қазіргі пандемия кезіндегі білім берудегі өзекті мәселелердің бірі ретінде онлайн білім беру платформалары мәселесін атап өтті (Тоқаев, 2020 ж.) [1].
Виртуалды және толықтырылған шындық, көрнекі бағдарланған қашықтықтан оқыту технологиялары бүгінгі күн талабына сай мұғалімдерге сапалы білім беруге қызмет етеді. Яғни, қашықтан білім беру жүйесі виртуалды және толықтырылған шындықты және көрнекі-бағытталған цифрлық технологияларды қолдану арқылы оқушылардың қызығушылығын сабаққа кеңінен тартуға мүмкіндік береді [2].
Published
How to Cite
Issue
Section
License

This work is licensed under a Creative Commons Attribution-ShareAlike 4.0 International License.