МАТЕМАТИКАДАН ЛОГИКАЛЫҚ ОЙЫНДАР: ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН ӘДІС-ТӘСІЛДЕР

Authors

  • Салимова Айман Рысмухаметқызы

Abstract

Математика – мектеп бағдарламасының негізгі пәндерінің бірі, әрі оқушылардың сыни ойлау және есептеу дағдыларын қалыптастыратын негізгі құрал болып табылады. Математика сабақтары көбінесе оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытуға бағытталған. Логикалық ойлау арқылы балалар өздерінің математикалық қабілеттерін жақсартуға, күрделі есептерді шешу үшін жаңа тәсілдер табуға мүмкіндік алады. Осы тұрғыда, «Математикадан логикалық ойындар» тақырыбы оқушылардың шығармашылық және аналитикалық ойлау дағдыларын жетілдіруге арналған тиімді әдіс-тәсіл болып табылады.

Математикадан логикалық ойындар бастауыш сынып оқушыларының оқу процесінде белсенді қатысуына мүмкіндік береді. Қазіргі білім беру жүйесінде оқушылардың тек теориялық білімін арттыру ғана емес, практикалық дағдыларын да дамыту қажет. Логикалық ойындар осы екі мақсатты тиімді жүзеге асырады. Олар оқушыларды қызықтыра отырып, математикалық білімнің нақты қолданылуын көрсетеді.

Логикалық ойындардың басты ерекшелігі – олардың математикалық дағдыларды ойнау арқылы меңгеруге мүмкіндік беруі. Бұл ойындар сананы шыңдайды, қоршаған ортаны түсінуді жақсартады, болжау қабілетін арттырады және есептеу дағдыларын тереңдетеді. Логикалық ойындар арқылы балалар оқуға деген қызығушылықты сақтап, шығармашылық ойлау дағдыларын қалыптастырады. Осыларды негізге ала отырып 3-сынып оқушыларына арналған «Математикадан логикалық ойындар» тақырыбында авторлық бағдарлама жазылды. Онда қандай оқыту қажеттіліктері ескерілді?

Published

2025-03-24

How to Cite

Салимова Айман Рысмухаметқызы. (2025). МАТЕМАТИКАДАН ЛОГИКАЛЫҚ ОЙЫНДАР: ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН ӘДІС-ТӘСІЛДЕР. World Scientific Reports, (9). Retrieved from https://ojs.publisher.agency/index.php/WSR/article/view/5583

Issue

Section

Pedagogical Sciences