ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ САЛТ-ДӘСТҮРЛЕРІНІҢ МИФОЛОГИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ СЕМАНТИКАЛЫҚ МӘНІ
Keywords:
Қазақ салт-дәстүрлері, мияология, семантика, символ, Ұмай Ана, Көк Бөрі, номадтық мәдениет, шаңырақ, Наурыз, семиотика, мәдени жады, дала педагогикасыAbstract
Бұл мақалада қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрлерінің мифологиялық негіздері мен семантикалық мәні кешенді түрде зерттеледі. Зерттеу барысында түркі халықтарының мифологиялық дүниетанымы, номадтық мәдениеттің ерекшеліктері, салт-дәстүрлердің символдық жүйесі және оның тәрбиелік маңызы талданады. Мақалада Ұмай Ана, Көк Бөрі, шаңырақ, бақан секілді мифологиялық образдар мен мәдени символдардың дәстүрлік рәсімдердегі қызметі ашылады. Семиотика, мифология және мәдениеттану тұрғысынан қазақ дәстүрлерінің синкреттік сипаты – зороастризм, шаманизм және ислам дінінің ықпалының сіңісуі зерделенеді. Наурыз мерекесі, отқа май құю рәсімі, бақан семантикасы, ою-өрнек символикасы арнайы талдауға алынады. Зерттеу нәтижелері қазақ мәдени жадының негізі ретінде салт-дәстүрлердің философиялық-мистикалық астарының бүгінгі күнге дейін маңыздылығын сақтап отырғандығын дәлелдейді.
Published
How to Cite
Issue
Section
License

This work is licensed under a Creative Commons Attribution-ShareAlike 4.0 International License.