БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БӘЙТЕРЕК АУДАНЫНЫҢ ТУРИСТІК-РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН БАҒАЛАУ

Authors

  • Шүкірхан Әсем 2 курс магистранты, 7М05213-География білім беру бағдарламасы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана, Қазақстан
  • Салихов Талғат Құмарұлы Қазақстан Республикасы Ұлттық аграрлық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, а.ш.ғ.к., қауымдастырылған профессор

Keywords:

туристік-рекреациялық әлеует, Бәйтерек ауданы, ГАЖ-технологиялар, картографиялық талдау, рекреациялық ресурстар, экотуризм, агротуризм, дала ландшафттары

Abstract

Мақалада Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданының туристік-рекреациялық әлеуетіне табиғи-географиялық жағдайларды талдау негізінде кешенді бағалау жүргізілді. Зерттеу геоақпараттық технологияларды, картографиялық талдау мен табиғи компоненттерді салыстырмалы бағалау әдістерін пайдалану арқылы орындалды. Аумақтың рекреациялық тартымдылығын қалыптастыратын негізгі факторлар ретінде ауданның геоморфологиялық ерекшеліктері, гипсометриялық құрылымы, топырақ жамылғысы мен өсімдік жамылғысы қарастырылды. Зерттеу нәтижесінде Бәйтерек ауданының жазық рельефі, көліктік қолжетімділігі және дала табиғи кешендерінің басымдығы экологиялық, ауылдық және танымдық туризмді дамытуға қолайлы алғышарттар қалыптастыратыны анықталды. Сонымен қатар туристік саланың дамуын шектейтін факторлар ретінде инфрақұрылымның жеткіліксіз дамуы, су нысандары санының аздығы және климаттық жағдайлардың маусымдық сипаты айқындалды. Зерттеу нәтижелері өңірлік тұрақты туризм бағдарламаларын әзірлеу мен аумақтық жоспарлау жұмыстарында пайдаланылуы мүмкін

Published

2026-05-17

How to Cite

Шүкірхан Әсем, & Салихов Талғат Құмарұлы. (2026). БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БӘЙТЕРЕК АУДАНЫНЫҢ ТУРИСТІК-РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН БАҒАЛАУ. World Scientific Reports, (13). Retrieved from https://ojs.publisher.agency/index.php/WSR/article/view/8709

Issue

Section

Geographic Sciences