ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДА МУЗЫКАЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ МАҢЫЗЫ

Authors

  • Сайманов Иманали Аманкелдиевич аға оқытушы, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Түркістан қаласы, Қазақстан Республикасы
  • Мұхамеджан Шұғыла 6В02122- Дәстүрлі ән өнері 2 курс студенті

Abstract

Қазіргі таңдағы педагогика ғылымының өзекті мәселелерінің бірі – жеке тұлғаны жан-жақты дамытуға эстетикалық тәрбие беру арқылы шығармашылық жағынан қабілетті, дүние танымдық көзқарасы кең, рухани адамгершілігі мол, жан-жақты қабілетті білімді ұрпаққа тәрбие беру.

Тәрбие барысында әр баланың жеке дара мінез ерекшеліктерін, өз қадірін сезіну қабілетін қалыптастырып, дамыту мектептегі тәрбие жұмысымен  байланысты. Жас ұрпақты ұлттық игіліктер мен адамзаттық мәдени мұра сабақтастығын  сақтай отырып оқыту, тәрбиелеу арқылы әрқайсының жеке тұлғалық сапаларын  жан-жақты дамыту – жаңа мектептің басты мақсаты болып табылады.

Тәуелсіздік мұраты өскелең ұрпақтың жаңа қоғамдық санада, казіргі қоғамдық өмірге бейім, өзі өмір сүріп отырған ортаның шындығына сай келетін орта ықпалында тәрбиеленуін талапқа қойды. Талаптардың жүзеге асуы бір мектептің қолынан келуі тағы да мүмкін емес. Сондықтан да мектептен тыс балалар мекемелерінің қызметінің айрықша маңызы бар. Екінші жағынан жаңа міндеттердің бәрі тек қана тәрбие жұмыстарының жаңа формалары мен әдістері арқылы ғана шешілуі тағы да мүмкін емес. Мұндай тұжырымды қоғамның тарихи өміріндегі сабақтастық принципі толық растайды. Өткеннің өркениетті, жасампаз тәжірибе үлгілеріне арқа сүйемей жаңаны дамыту мүмкін емес. Өйткені өмірдің сабақтастық байланыс заңын үзіп дамыған қоғам өмірге әлі келген жоқ. Осыдан келіп өскелең ұрпақтардың жаңа өмірге бейімделу, үйрену жолдарын қалау, оларды жетілдіру мәселелерінде тарихи тәжірибелерді бүгінгі жағдайдағы мәселелер тұрғысында сын көзбен қайта қарап, қайта ойлап, нәтижелерді ұрпақ тәрбиесі міндеттерінің әсерлі шешімдеріне айналдыруға болатындығына және оның қажет екендігіне көз жеткізілді.  

Published

2023-03-12

How to Cite

Сайманов Иманали Аманкелдиевич, & Мұхамеджан Шұғыла. (2023). ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДА МУЗЫКАЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ МАҢЫЗЫ. Academics and Science Reviews Materials, (2). Retrieved from https://ojs.publisher.agency/index.php/ASCRM/article/view/1008