ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ПОЭТИКАСЫ: ДӘСТҮР ЖӘНЕ ЖАҢАШЫЛДЫҚ (ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ АҚЫН-ЖАЗУШЫЛАР ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ МЫСАЛЫНДА)

Authors

  • Мутиев Зинулла Жаксылыкович М. Өтемісов атындағы БҚУ профессоры, ф.ғ.к., Орал, Қазақстан
  • Мұханбетова Жангүлім Өтепбергенқызы М. Өтемісов атындағы БҚУ оқытушысы, магистр, Орал, Қазақстан
  • Акашаева Зияда Мирасовна М. Өтемісов атындағы БҚУ 2-курс магистранты, Орал, Қазақстан

Abstract

Сыр топырағы орта ғасырлардан бастап мәдениет пен өнердің, рухани әлемнің ошағы ретінде сипатталады. «Бұл аймақта  мәдениет атаулының ерте дами бастағанын Геродот, Страбон, Диодор, Арриан, Фотий сияқты көптеген антикалық дәуір тарихшылары мен араб, парсы жиһангерлерінің, сондай-ақ Орта Азия мен Қазақстанның ертедегі тарихын зерттеп жүрген ғалымдарымыздың ізденістерінен көре аламыз» [1, 5 б.].

«Сыр елінің тарихи – архитектуралық және әдеби-фольклорлық мұралары ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың бас кезінде жан-жақты жиналып, зерттеле бастаған еді. Бұл реттен И.Аничков, В.Бартольд, Н. Веселовский, Ар. Грен, А. Добросмыслов, И. Кастанье, В. Каллаур, П. Лерх, Н. Лыкошин, С. Толстов, А. Симонов, А. Якубовский, т.б. көптеген орыс ориенталистерінің есімдері мен ғылыми еңбектерін атап өтуіміз қажет. Себебі олар Сыр бойындағы тарихи және мәдени ескерткіштерді зерттеуге зор үлес қосқан ғалымдар. Сыр елінің фольклор мұрасын зерттеуге белсене араласқан қазақ зиялылары да аз емес. Арғысы Әбубәкір Диваев, Жүсіпбек Басығарин, ағайынды Қалжан, Әуелбек және Әлібек Қоңыратбаевтар, Меңліаяқ Сәрменбайұлы, Рахат Төлешев, Әлішер Тоқмағамбетов, Үбіжар Толыбеков, Абыт Нұркеневтерден бастап кешегі Әлқуат Қайнарбаев, Мардан Байділдаевтардың  жазып алып, жинап, зерттеген әдеби мұралары аз болмаса керек» [1, 188 б.].  

Published

2023-03-12

How to Cite

Мутиев Зинулла Жаксылыкович, Мұханбетова Жангүлім Өтепбергенқызы, & Акашаева Зияда Мирасовна. (2023). ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ПОЭТИКАСЫ: ДӘСТҮР ЖӘНЕ ЖАҢАШЫЛДЫҚ (ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ АҚЫН-ЖАЗУШЫЛАР ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ МЫСАЛЫНДА). Academics and Science Reviews Materials, (2). Retrieved from https://ojs.publisher.agency/index.php/ASCRM/article/view/1012