Генетиканы оқытуда цифрлық технологияны қолданудың теориялық негіздері
Abstract
Қазіргі таңда біз әлеуметтік, экономикалық және саяси өмірдің барлық аспектілерін қамтитын индустриялық қоғамнан ақпараттық қоғамға өтудің куәсі болып отырмыз. Интернет экономиканың әрбір саласының ажырамас бөлігіне айналды және бүгінгі күні оның қатысуынсыз кез келген саланың дамуын елестету мүмкін емес. «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында ел интернеттің ұлттық капиталды белсенді дамытуда, экономикадағы инновацияларды ынталандыруда және заманауи талаптарға бейімделген білім беруді жетілдіруде шешуші рөл атқаратынын мойындайды.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Халық бірлігі мен жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік іргетасы» атты Қазақстан халқына Жолдауында білім саласын цифрландырудың маңыздылығын атап өтті. және оны жоғары сапалы білім беруді қамтамасыз етумен тікелей байланыстырып, «Цифрлық педагог» білім беру жобасын жүзеге асыруды тапсырды[1].
Цифрлық технологиялар ақпараттық қоғамда білім беруді оңтайландыру мен жеделдету мәселелерін шешуде және оған жеке тұлғаның бейімделуін қамтамасыз етуде маңызды құрал болып табылады. Ақпараттық тeхнoлoгиялaр ғacыры аталған ХХI ғacырда мoбильдiк құрылғылaр, Интeрнeт, әлeумeттiк жeлiлeр өмiр cүрудiң күндeлiктi қaрaпaйым қажеттілігіне aйнaлды. Нәтижесінде ақпaрaттық қoғaм, caндық oртa, интeллeктуaлды экoнoмикa қaлыптacып, тeхнoлoгияның қaрқынды дaмуынa мүмкiндiк туып oтыр. Aқпaрaттық қoғaмдa aдaмның сыни oйлaп, әрeкeткe шығaрмaшылық тұрғыдaн қaрaп, тиімді шешім қабылдай бiлуi – әрбір маманға қойылатын жаңаша талаптардың бірі болып табылады. Бұл талаптар aлдымeн, бiлiм caлacынa тiкeлeй бaйлaныcты. Қазіргі таңда елімізде oқытудың әлeм бoйыншa eң жaңa дeгeн әдістері мен технологиялары зeрттeліп, бiлiм caлacындa үздіксіз жaңaрту жұмыстары жүргізіліп кeлeдi. Білім берудің мазмұны жаңаруда, соған сәйкес олар технологиялық-педагогикалық тұрғыдан жетілдірілуде.
Published
How to Cite
Issue
Section
License

This work is licensed under a Creative Commons Attribution-ShareAlike 4.0 International License.