PYTHON БАҒДАРЛАМАЛАУ ТІЛІН ОҚЫТУДА ИНТЕРНЕТ РЕСУРСТАРДЫҢ МҮМКІНДІГІН ПАЙДАЛАНУ
Keywords:
Бағдарламалау тілі, Python, әлеуметтік желі, интернет ресурстары, информатикаAbstract
Қазіргі заманғы білім беру үдерісі цифрлық технологиялар мен әлеуметтік желілердің дамуына байланысты айтарлықтай өзгерістерге ұшырауда. Python бағдарламалау тілін оқытуда интернет ресурстар мен TikTok әлеуметтік желісін пайдалану білім алушылардың қызығушылығын арттырудың тиімді құралына айналды. Бұл зерттеуде Python оқытуда интернет ресурстардың мүмкіндіктері мен TikTok платформасы арқылы оқытудың әдістемелік ерекшеліктері қарастырылады.
Python бағдарламалау тілін меңгеруде интернет платформалардың рөлі талданады. Онлайн курстар, видеосабақтар, интерактивті тапсырмалар және әлеуметтік желілер арқылы оқыту тәсілдерінің артықшылықтары сипатталады. Сонымен қатар, зерттеу барысында жүргізілген сауалнама нәтижелері ұсынылып, шетелдік ғалымдардың ғылыми еңбектеріне шолу жасалады.
TikTok платформасы арқылы Python бағдарламалау тілін үйретудің әдістемелік ерекшеліктері қарастырылады. Қысқа әрі мазмұнды бейнелердің артықшылықтары, визуализация мен анимацияны қолдану, практикалық мысалдарға негізделу, челлендждер мен тапсырмалар ұсыну, сондай-ақ оқушылармен кері байланыс орнату әдістері сипатталады. TikTok-та Python оқытуға арналған контент түрлері көрсетіліп, оның тиімділігі дәлелденеді.
Осы зерттеу нәтижелері Python бағдарламалау тілін оқытуда интернет ресурстар мен TikTok әлеуметтік желісін тиімді пайдалану оқушылардың білім алуын жеңілдетіп қана қоймай, олардың шығармашылық және аналитикалық ойлау қабілеттерін дамытуға мүмкіндік беретінін көрсетеді. Жаңа технологияларды пайдалану арқылы бағдарламалау оқытуды қолжетімді, қызықты және тиімді ету жолдары ұсынылады
Published
How to Cite
Issue
Section
License

This work is licensed under a Creative Commons Attribution-ShareAlike 4.0 International License.