ЖАҺАНДАНУДЫҢ ҰЛТТЫҚ ШЫҒАРМАҒА ӘСЕРІ
Abstract
Заманымыздың аса ірі жазушысы Мұхтар Әуезовтің артына қалдырған ұланғайыр өшпес мұраларының ішінде драматургия саласы бір төбе десек, соның ішінде шоқтығы биік тұрған шығармасының бірі – «Қаракөз» трагедиясы. Жазушы қаламынан сонау жиырмасыншы жылдары туған бұл пьесаға бір ғасыр болса да сахнаға жиі оралып жүр. Көрермендердің көңілінен мықтап орын тепкен осы тамаша шығарма, қазір республиканың барша театрларының тұрақты репертуарына еніп отыр.Мұхтар Әуезов пен Ғабит Мүсірепов – ауыз әдебиеті мен классикалық әдебиеттің озық дәстүрлерін жете меңгеріп, төл драматургиямызды байытуға орасан еңбек сіңірген ұлы суреткерлер. Белгілі театр сыншысы Ә.Сығайдың: «Әйел теңсіздігі, баянсыз махаббат, әдет-ғұрып, салт-санаға байланысты күреске толы жаңа өмір болмысын жырлаған үлкенді-кішілі едәуір пьесалары жарық көрді. Бұлардың өмірге енуіне зор үлес қосқан Ж.Аймауытов, М.Әуезов, Б.Майлин, Ғ.Мүсірепов және тағы басқа қаламгерлердің еңбектері аса зор. Бұлар өз дәуірінің жырын жырлап, заман зарына құлақ тосқан нағыз сөз шеберлері еді» деген пікіріне қосыламыз (Ой төрінде – театр, 2008: 4).
Published
How to Cite
Issue
Section
License

This work is licensed under a Creative Commons Attribution-ShareAlike 4.0 International License.