9-СЫНЫПТАҒЫ АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ЛЕКСИКАЛЫҚ ДАҒДЫЛАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ҮШІН БЕЙНЕМАТЕРИАЛДАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Authors

  • Ахмет Іңкәр Бағытқалиқызы «Шет тілі және мәдениетаралық байланыс» білім бағдарламасының 2 курс магистранты, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті, Атырау қ, Қазақстан Республикасы
  • Султангубиева А.А. ф.ғ.к.

Abstract

Қазіргі білім беру жүйесінде шет тілін меңгеру, әсіресе ағылшын тілін оқыту, жаһандану мен технологиялық прогреске байланысты маңызды мәселелердің бірі болып отыр. Ағылшын тілі – халықаралық қатынас, ғылым, бизнес және мәдени алмасу тілі болғандықтан, оны меңгеру оқушылар үшін үлкен артықшылық береді. Ал ағылшын тілі сабақтарындағы лексикалық дағдылар – тілдік коммуникацияның негізгі компоненті. Оқушылардың ағылшын тілінде еркін сөйлеуі мен мәтіндерді түсінуі үшін олардың сөздік қоры жеткілікті деңгейде болуы қажет. Алайда дәстүрлі әдістер, яғни жаңа сөздерді жаттау немесе оқулықтағы мәтіндерді оқу, әрдайым тиімді бола бермейді. Оқушылардың лексикалық дағдыларын дамытуға әрі қалыптастыруға көмектесетін әдіс-тәсілдер бар, оларды білім алушыларға бағыттай отырып оқыту білім беру үдерісінде маңызды әрі өзекті. Осы орайда, бейнематериалдарды пайдалану – оқушылардың лексикалық дағдыларын дамытудың тиімді тәсілдерінің бірі деуге болады. Бейнефильмдер, мультфильмдер, жаңалықтар, диалогтар және интерактивті бейнесабақтар арқылы оқушылар түрлі жаңа сөздерді көру, есту арқылы меңгеріп қана қоймай, тілдік ортаға еніп, сөздерді тура, шынайы мағынасында түсінеді, әрі ағылшын тілі сабағына қызығушылығы мен ынтасы артады.

Published

2025-03-17

How to Cite

Ахмет Іңкәр Бағытқалиқызы, & Султангубиева А.А. (2025). 9-СЫНЫПТАҒЫ АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ЛЕКСИКАЛЫҚ ДАҒДЫЛАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ҮШІН БЕЙНЕМАТЕРИАЛДАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ. Academics and Science Reviews Materials, (9). Retrieved from https://ojs.publisher.agency/index.php/ASCRM/article/view/5516